Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:44, 17 сентября 2013

5 күн

Сәлем достар!Бүгін бізде-Бейсенбі.Шілденің 4-ші жұлдызы.Таңертең тұра сала ,терезеге жалт қарадық.Астананың аспанын тұман басқан.Біз бүгін Ақмола облысындағы сүт зауыты орналасқан белгілі ауыл «Родина»ауылына сапар шектік.Blog post imageАуылға жақындағанда ,автобус терезесінен жайылып жүрген бірнеше топ сиырларды көргенде, «ауылға тезірек жетсек екен»деген құштарлық сезімі барлығымыздың жүрегімізде орын алды. «Асыққан сайын уақыт өтіп болмайды»дегендей,біраз шыдауға тура келді.

Әйтеуір жеттік-ау!Ауыл ойлағанымыздан да керемет болып шықтты.Әр үйдің ауласындағы кең аумақты бақшаны көрсеңіз ғой!Негізі ауыл 1961ж «Родина»деген атау алады.Халқының саны-1640 адам.Ауылда мектеп,муз.мектеп,спорт үйірмесі,кітапхана,ресторан,балабақша,былай қарап тұрсаңыз,ауылда жағдай өте жақсы.Тіпті, «әсемдік салоны»да салынып жатыр.Ауылда туған әр балаға 100000тг беріледі.Ал енді зауыт тақырыбына көшейік.Blog post imageДиректор Иван Адамовичтің айтуына қарағанда,зауытта 550 адам жұмыс жасайды.Завод 2012ж ашылған.Астана қаласына сүт,айран,қаймақ,кілегей,сүзбе,йогурт т.б экспорттайды.1 сиыр жылына 70000 л сүт береді.1000 сиыр Канададан әкелінген,әрқайсысы 4000 ақш доллар тұрады.Біз сүттің де дәмін көрдік.Нағыз табиғи,таза сүт.

Blog post imageАқтөбеге де осы сүтті экспорттауға болады.Бірақ,әттеген-ай,Ақтөбе батысты бойлай орналасқан,ал Астана солтүстікте.Екі арада сүт дәмі ,не қасиетінен айырылады.Бүгінгі саяхат маған ұнады. «Родина»ауылына сапар шегіңіз .Сіздер де мен сияқты сезімге ие болатындарыңызға күмәнім жоқ.

0
671
0