Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:46, 17 сентября 2013

4 күн

Сәлем,құрметті достар!Көзді ашып-жұмғанша 3 күн де өтіп кетті.Бүгін міне,4-ші күн.Нені көргенімізді,нені көкейге түйгенімізді жан-жақты айтып берейін.Шілденің 3-ші жұлдызы.»Шілде»дегенде ойымызға ыстық ауа-райы түседі.Ал бүгін Астанада күн ыстық та емес ,суық та емес,ең бастысы біздің экспедициямызға жайлы ауа-райы орын алды.Біз бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне саяхаттадық.Blog post imageЛ.Н.Гумилев дегенде менің есіме ЕҰУ түседі.Бұрын менің естіуімше Гумилев-тарихшы,географ болған.»Жүз естігенше ,бір рет көр»дегендей,»Туған елге тағзым»атты экспедицияның арқасында мен Л.Н.Гумилев туралы зор мәліметтер алдым.Есілдің бойындағы көпірмен өтіп,алып ғимарат ЕҰУ-не аяқ тіредік.Ғимратқа кіре салысымен,алып тас мүсінге көзім түсті.Blog post imageБұл ескерткіш 2001ж 18 мамырда Жапониядан әкелінген.Ескерткіш бетіндегі сансыз көп жазуларды көргенде ,үлкен ойда қалдым.Бейне бір 7-8 ғасырларға бой сұққандаймын.Күлтегіннің екі жағында Тоныкөк ескерткіштері орнатылған.Бір ерекшеліктері бұл ескерткіштегі жазуларды Тоныкөктің өзі жазған.Одан соң тарихқа толы,тарихи музейге бас сұқтық.Мен үшін жаңалық болғаны:Түркі халқына 48 ұлт кіреді екен.Осы секілді мәліметтермен білімімізді толықтырдық.Жоғарыда айтылғандай ,біз университетте орналасқан Л.Н.Гумилев музейін де араладық.Blog post imageОл кісі бірнеше рет абақтыға түскен,соған қарамастан өмірден түңілмей,түрме ішінде бірнеше поэма шығарып,өмірге деген құштарлығы ешқашан сөнбеген.Гумилев атамыздың қайраттылығы,төзімділігі таңғалдырады.Бізге осыдан қарап-ақ өмірге деген құштарлықты үйренуге болады.Бүгінгі саяхат өте ұнады.»Туған елге тағзым»атты экспедиция арқылы көп нәрсе үйрендік.

0
1423
0