Астаналық әскери қызметшілер қоныс тойын тойлады

МО РК 2013 M07 5
224
0
0
0

Бүгін Астана қаласы күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге пәтер кілтін табыстау салтанатын өткізді. – Әскерилерге көп пәтерлі тұрғын үйді...

Бүгін Астана қаласы күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге пәтер кілтін табыстау салтанатын өткізді.

– Әскерилерге көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру – бұл қорғаныс ведомствосы басшыларының әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі басты тапсырмаларының бірі болып табылады,-деді  кілт тапсыру салтанаты кезінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов. – Баспана мәселесінің шешілуі – бұл әскери қызметшілердің ертеңгі күнге деген сенімін тудырады. Қызметке де қайтарым мол, кәсіби өсуіне деген талпынысы мен ынтасын арттырады. Мұның барлығы атап айтқанда әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне оң әсер етеді.

Жаңа тоғыз қабатты кірпіштен салынған үй Астананың әскери қызметшілері көп тұратын ауданда – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан. Оның жан жағын әскери қызметшілер бұрын қоныстанған тұрғын үйлер қоршап тұр. Үйдің алып жатқан аумағы 15 мың шаршы метрден асады.

Бүгін 324 әскери қызметші отбасы мүшелерімен бірге жатақхана типтес салынған үйдің пәтер кілтіне ие болды. Оның 184 пәтері бір бөлмелі, 140-ы екі бөлмелі. Пәтерлер төсектермен, шкафтармен, асханалық столдармен және электр плиталарымен жабдықталған.

Үйді тұрғызу барысында балалар алаңы, автокөлік тұрағы сияқты орындар да назардан тыс қалған жоқ. Аталған мәселеге байланысты жобалаушылар мен құрылысшылар ыңғайлы жер қарастырып, заманауй қалалар үшін өзекті сұрақ болған орын жетіспеушіліктің шешімін таба білді.

Қазіргі таңда әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үй салу, үй сатып алу және тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу арқылы жүзеге асырылады. Әскерилерге көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру – бұл қорғаныс ведомствосының әскери қызметшілер мен олардың  отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі кезекті табысты қадамы болып табылады.

Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы жасалды. Аталған тұжырымдаманың негізінде әскери гарнизондар мен жабық және шеттегі әскери қалашықтарда әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үйлер мен жатақханалар салу бағдарламасы жасалуда.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0