Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 05 июля 2013

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Blog post image

 

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының кеше өткен сайыстарында қазақстандық әскери қызметшілер Өтеулиев Қажымұқан мен Тен Алина қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды кореялық, екінші орынды қытайлық спортшы иеленсе, үшінші орын тұғырына қазақстандық және бразилиялық балуандар бірге көтерілді.

Қыздардың 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық спортшы жеңімпаз атанып, италиялық екінші, ал қытайлық және қазақстандық балуан қыздар үшінші орынға ие болды.

«Бүгін чемпионаттың соңғы күні ауыр салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күш сынасады. Түстен кейін әлемдік доданың қорытындысы шығарылатын болады»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.


 
0
266
0