Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:17, 05 июля 2013

Родина сүт заводы

Бiз таң атысымен Астана қаласынан 75 км жердегi Родина сүт заводына аттандық. Онда Бiз алдымен бас бөліміне барып, директоры және оның орынбасарымен кездесіп сұхбаттастық. Осы сүт заводында барлығы 20 адам жұмыс істейдi. Ал сиырлары арнайы Канада мемлекетінен  акeлiнген.Шамамен 1 сиыр күніне 28л,ал жылына 10000л сүт бере алады.Осы сиырлар Канадада күніне 48 л берген.Барлык сүттердің айлылығы 3,2% және 6% ғана болды. Мен сүттi бiр ұртағаннан-ақ оның дәруменге бай және табиғи екендігін аңғардым. Родина сүт заводының жеке жел электр станциясы бар.Ол күнiне 750кВт тоқ береді. Ол өзін толық қамтамасыз етедi және ауылдың 80%-ын қамтамасыз етiп тұр.Осы ауылдың өзiне қарап таза , жинақы, адемi екенiн бiрден аңғарасың. Ауасының өзi керемет!Мен Қазақстанда осындай ауылдың барын мақтан тұтамын!

0
962
0