место в рейтинге
  • 134003
  • 0
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Рамазан айындағы мустахаб (қосымша-қалаулы) амалдар

Тәубе ету

Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім тәубе етпесе, солар - залымдар» (Хужурат сүресі, 11-аят).

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһ тәубе етушінің тәубесін әрқашан және әруақытта қабылдайды. Бірақ, осы айда өз айыптары мен күнәларының және тәубе етуден бас тартудың себебімен, Раббысының кешіріміне лайық болмаған адамға өкініш болсын. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Маған Жәбрейіл періште келіп былай деді: «Әй, Мұхаммед! Рамазан айына жетіп, сонда да кешірімді ала алмаған адам Отқа кіреді де, Аллаһ оны Өзінен алыстатады. «Әмин!» - деп айт». Мен: «Әмин!» - дедім» (Ахмад, Ибн Хиббән, әт-Табарани “әл-Кәбир”. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 3/216).

Тәубе еткісі келген адам үшін тәубе есіктері ажалы жетпейінше ашық тұрады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Ұлы әрі Құдыретті Аллаһ құлы жан тәсілім етердегі қырылын білдірмейінше, тәубесін қабыл етеді», - деді (әт-Тирмизи 3537, Ибн Мәджаһ 4253. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген).

Осы айға жетемін деп армандаған, бірақ дегендеріне жете алмаған қаншама адамдар бар еді. Олар қабірлерінде, ізгі істерін арттыра да алмайтын, көптеген күнәлары үшін кешірім де сұрай алмайтын тұтқынға айналды. Сондықтан, күнәлары қандай үлкен болса да, ешкім тәубе ету мүмкіншілігін назарсыз қалдырмасын, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, өздеріне зұлымдық жасаған Менің құлдарым, Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер! Шын мәнінде, Аллаһ күнәларды толығымен кешіреді: өйткені Ол – аса Кешірімді, Мейірімді!» (әз-Зумәр сүресі, 53-аят).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Күнәдан тәубе еткен адам, оны жасамағанмен тең», - деді (Ибн Мәджаһ 4250. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 3008).

Сондықтан, күнәлары мен айыптары көп екенімен сылтауратып, олардан құтыла алмайтынын айтып, Аллаһтың мейірімінен үміт үзіп, әрі қарай Мейірімді Раббысына қарсы шығып, күнәларды жалғастыра беруіне болмайды.

Алайда білу керек, Раббымыз Кешірімді және Мейірімді, бірақ Өзінің кешірімі мен мейірімін Ол тек белгілі шарттар орындалған соң ғана, нақтырақ айтқанда, адам Аллаһ Тағалаға толық,әрі ықыласты тәубемен қайтқан соң ғана нәсіп етеді.

Тәубе етудің үш шарты бар:

1) Күнә жасауды доғару,

2) Күнә жасаған үшін өкіну,

3) Келесіде ешқашан оны жасамауға шешім қабылдау.

Егер осы шарттарының біреуі болса да, орындалмаса, онда тәубе қабыл етілмейді! Ал егер жасалған күнә басқа да адамға зиянын тигізетін болса, онда тәубенің төрт шарты орындалу керек. Атап өткендей, жоғарыда аталған үш шарт және тағы да бір шарт орындалу керек. Соңғы шарттың мәнісі – одан зардап шеккен кісіден кешірім сұрап немесе заңсыз тартылып алынған затты иесіне қайтырып, кінәсін жуып-шаю (Қараңыз: “әл-Әзкәр” 321, “Рияду-ссалихин” 28).

Құранды көбірек оқу

Аллаһ Тағала былай деді: «Рамазан айында адамдар үшін нұсқау ретінде, әрі тура жолдың түсіндірмесі ретінде Құран түсірілген» (Бақара сүресі, 185-аят).

Ибн `Аббас айтқан: «Жәбрейіл періште Мұхаммед пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айының әр күні кездесіп, бірге Құран үйренген» (Бухари 6, Муслим 2308).

Хафиз ибн Ражаб былай деген: «Бұл хадисте Рамазан айында Құран үйрену үшін жиналудың абзал екеніне нұсқау бар. Тағы да хадисте, Рамазан айында Құран оқуды арттыру керек екеніне нұсқау бар» (“Ләтаифул-ма’ариф” 189).

Егер мұсылман күндізгі уақытын ораза тұтуға, ал түнін Құран оқуға арнайтын болса, онда Қиямет Күні оның екі шапағатшысы болады: бұл – ораза мен Құран. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ораза мен Құран Қиямет Күні Аллаһтың құлына шапағат етеді. Ораза: «Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жеуден айырдым, сондықтан маған ол үшін шапағат етуге рұқсат бере гөр!» - деп айтады. Ал Құран: «Раббым! Мен оны түнде ұйқыдан айырдым, сондықтан маған ол үшін шапағат етуіме рұқсат бере гөр!» - деп айтады. Сосын олардың шапағаттары қанағаттандырылады» (Ахмад 2/174. Хадистің сенімділігін имам әл-Хәким, хафиз әл-Мунзири, шейх Ахмад Шәкир және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 973).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабалары және де олардың артынан ергендер Құран Кәрімнің мағыналарына үңіліп, оны оқып, Рамазан айының күндері мен түндерін өткізетін еді.

Рамазан айы келгенде олар Құран оқуды арттыратын-ды, әрі үмметіміздің ұлы имамдары олардан үлгі алған.

Мысалға, имам Мәлик Рамазан айында өзінің барлық ғылымдарын қалдырып, Құран оқуға кіріскен. Дәл солай Суфьян әс-Сәури де жасаған. Ізгі ата-бабаларымыздан болған кейбір ғалымдарымыз түнгі намаздарында Құранды түгелдей – үш күннің ішінде, екіншілері – жеті күн ішінде, ал басқалары – әр он күнде оқып, бітіріп шығатын (Қараңыз: “әс-Сияр” 5/276).

Алайда, Құранды үш күннен кем уақыт аралығында толығымен оқып шығуға болмайды, өйткені пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі Құранды үш күннен кем уақыт аралығында оқып шықпаған, бұған қоса: «Құранды үш күннен кем уақыт аралығында оқыған адам оны ұқпайды», - деген (Әбу Дәуд 1394, әт-Тирмизи 2949, Ибн Мәджаһ 1347. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген).

Ал Құранды әлі оқи алмайтын адамдар туралы айтар болсақ, онда біз оларға ерік күшін емдеп, араб әліппесін меңгеріп алуларын тілейміз. Содан соң, олар Рамазанда да, одан басқа уақыттарында да осы ұлы сауапқа қол жеткізу мүмкіншілігіне ие бола алады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһтың Кітабынан бір әріп болса да оқыған адамға бір игі іс жазылады. Ал осы бір игі іс үшін он есе сауап қайтарылады. Мен: «Әлиф, ләм, мим»-ді бір әріп деп тұрған жоқпын. Жоқ, «әлиф» - бір әріп, «ләм» - бір әріп және «мим» бір әріп болып табылады» («т-Тирмизи 2910, Имам Ибн Қудәма мен шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деп атаған).

Са`д ибн Әбу Уаққас айтқан: «Егер адам Құран оқуды түннің әуелгі бөлігінде аяқтаса, онда періштелер ол үшін таң атқанша дұға етеді, ал егер де ол Құран оқуды түннің ақырғы бөлігінде бітірсе, онда періштелер ол үшін кешке дейін дұғада болады» (Ахмад, әд-Дәрими. Хасан хабар. Қараңыз: “әл-Әзкәр” 136).

Сәбит әл-Бунәни айтатын: «Әнәс ибн Мәлик Құранды түгелдей оқып аяқтаған кезде, бала-шағасы мен отбасы мүшелерін жинап, Аллаһқа дұға ететін еді» (әд-Дәрими 2/469, Са’ид ибн Мансур 1/140. Имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хаджар және шейх әл-Әлбәни иснадтың сенімділігін растаған).

Ибн Утәйба айтқан: «Бірде Мужәһид пен Абда ибн Әбу Любәбә маған (кісі жіберіп) шақыртып алды. Мен оларға келгенімде, олар маған: «Расында, біз сені шақырған себебіміз, Құран тиләуәтін (оқуды) аяқтап жатқан едік. Ал Құран оқудың соңында жасалған дұға қабыл етіледі», - деді» (Ибн Әбу Дәуд. Имам ән-Нәуауи иснадын сахих деп атаған. Қарңыз: “әл-Әзкар” 119).

Ал адамдар заңдастырып алған, Құран оқып болған соң айтатын белгілі бір дұғаларға келер болсақ, онда бұның ешқандай негізі жоқ. Сондықтан, имам әш-Шәтыби оны: «Қосылған бидғат (жаңалық)», - деп атаған (Қараңыз: “әд-Дә’ифа” 13/315).

Сол үшін Құран оқуды аяқтаған соң, Аллаһқа кез-келген дұға арқылы жалбарынса болады, өйткені оның ешқандай белгілі дұғалары жоқ!

Көбірек жомарттылық таныту

Рамазан айы жомарттылық пен мейірімділік мезгілі секілді келеді. Осы уақытта мүміндер бұл өсиеттерді танытуда өзара жарысады. Ибн `Аббас айтқан: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жомарт адам еді. Ал Рамазанда ол әсіресе жомарттылық танытқан. Әрі ол жақсы істерге, еркін ұшатын самалдан да артық жомарт еді» (әл-Бухари 6, Муслим 2308).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметін ораза тұтушылырға қамқорлық көрсетуге ынталандырып: «Ораза тұтушыға ауызашар берген адамның сауабы, онымен тең болады. Бірақ бұл ораза тұтушының сауабынан мүлдем ештеңені кемітпейді», - деп айтқан (Ахмад 5/192, әт-Тирмизи 807. Имам Әбу Исә әт-Тирмизи, хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия өзінің «әл-Ихтиярат» кітабында, хадисте онымен тоюға мүмкін болатын тамақ мөлшері меңзеліп тұрғанын айтқан.

Имам Ибн Шиһаб әз-Зуһри Рамазан айы келгенде былай айтатын: «Бұл Құран оқу мен адамдарды тамақтандыру айы» (Ибн `Абдул-Барр «әт-Тәмхид» 6/110).

Ізгі ата-бабаларымыздың көбісі, олардың ішінде Ибн `Умар да, Мәлик ибн Динар да, имам Ахмад та болған, өз тамақтарын кедейлердің пайдасына қиып, ауызашарларын берген. Ал Ибн `Умар туралы жеке айтар болсақ, онда оның тек жетім немесе кедей адаммен ғана ауыз ашатыны хабарланады (Қараңыз: “Сәб’унә мәсаля фи-ссыям” 19).

Бауырлар! Біз де ораза тұтушыны тамақтандыруға, сол арқылы оны ауыз ашармен қуандырып, ал өзіміз оның сауабына тең сауаптарға қол жеткізуге асығайық!

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – ас беретіндерің!» - деді (Ибн Мәджаһ, Әбу Я`лә, әт-Табарани. Хафиз Ибн Хәжар, имам әл-Бусәйри және шейх әл-Әлбәни хадисті хасан дәрежесіне жатқызған. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 44).

Егер адамдарға ас беру Исламның ең жақсы көріністерінің бірі болса, онда осы ұлы амалды Рамазан айында жасау туралы не айтса болады!

Аллаһ Тағала кешірім етуге, дүние жұмсауға, игілік істеуге асығатын тақуа адамдарға :әннат бақшаларын жаратып, оларға Өзінің жарылқауын уәде етті. Аллаһ Тағала былай деді: «Тақуаларға әзірленген, аспандар мен жерді қамтыған Жәннатқа және Раббыларыңның кешіріміне ұмтылыңдар. Олар (тақуалар) қуанышта да, қайғыда да жұмсайды, ашуларын ұстап, адамдарды кешіреді. Расында, Аллаһ ізгілерді жақсы көреді!» (Әли `Имран сүресі, 133-134-аяттар).

Құлшылық етуде артығырақ ынта қосу

`Айша (оған Аллаһ разы болсын) былай деген: «Басқа уақыттарға қарағанда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында қаттырақ ынта танытқан. Ал Рамазан айының басқа күндеріне қарағанда, ол оның соңғы он күнінде қаттырақ ынта танытқан» (Муслим 1175).

Әбу Һурайра былай деген: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында қосымша (нәфил) түнгі намаздар оқуға адамдарды ұмтылдырған, бірақ бұны оларға үзілді-кесілді бұйырмаған (яғни парыз етпеді). Алайда ол: «Рамазан айының түндерін иман келтіріп және Аллаһтың сауабына үміт етіп, намаз оқумен өткізген адамның алдыңғы күнәларының барлығы кешіріледі», - деген» (әл-Бухари 37, Муслим 759).

`Амр ибн Мурра әл-Жуһани айтқан: «Бірде пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп: “Әй, Аллаһтың елшісі! Мен Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне, әрі сен Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік беретінімді, намаз оқитынымды, зекет беретінімді, ораза тұтатынымды және Рамазан түндерін намаздармен өткізетінімді білесің бе?!” - деді. Сонда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Кім осы нәрседе өлсе, Жәннатта шыншылдар мен шаһидтер арасында болады» (әл-Баззар, Ибн Хузәйма, Ибн Хиббән. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахиху-ттәрғиб” 1/419).

Аллаһтың разылығына ұмтылатын, шәһидтің сыйын қалайтын тақуа мұсылманға бұдан артық не керек?!

 
Серікбол Берікқожа ceka
Тараз қалалық мәслихатының депутаты
3 июля 2013, 17:14
1031

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13536
  • 27
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10845
  • 102
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 10625
  • 14
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9949
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8457
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5158
  • 32
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 4018
  • 9
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3292
  • 62