Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:11, 03 июля 2013

Оразаның шарттары мен тіректері

1. Ислам дінін ұстану

Ислам дінін ұстану – бұл бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет Күні ол зиянға ұшыраушылардан болады» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «Саған да(Әй, Мұхаммед), әрі сенен бұрынғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»», - деді (Зумар, 65).

2. Тыйылу

Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады (“Тухфәтул-фуқаһа” 1/537).

3. Уақыт

Бұл жерде оразаны таң атқаннан күн батқанға дейін тұту жайында айтылуда. Аллаһ Тағала: «...ал сосын кешке дейін ораза тұтыңдар», - деген (әл-Бақара, 187).

4. Ниет

`Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Расында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады. Шынында, әрбір адам тек өзінің ниеттенген нәрсесін ғана алады» (әл-Бухари 1, Муслим 1907).

Осы хадистен байқайтынымыз, Аллаһтан басқа біреу үшін жасалатын кез-келген іс есептелмейді, әрі амалдарды ықылассыз жасаған адам осы дүниеде де, арғы дүниеде де ешқандай игілікке қол жеткізе алмайды.

Имам Ибн әл-Мунзир айтқан: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Амалдар тек ниетке қарай бағаланады» деген сөздері барлық істерге нұсқайды. Әрі ешқандай амал: парызы болсын, қосымшасы болсын одан ерекшеленбейді (тыс қалмайды)» (“әл-Әусат” 1/371).

5. Ораза тұтуға мүмкіншіліктің болуы

Бұл жерде ораза тұту үшін денсаулықтың болуы, сондай-ақ етеккір мен босанғанан кейінгі қан кетуден тазалану жайында айтылуда (Қараңыз: “Хашия әд-Дусуқи” 1/509).

 
0
786
0