Ержан Шынкеев: «Төрешілер жолымды кескенімен, жеңісті халық алып берді»

Kazsport agent 2013 M07 2
249
0
0
0

  Қазақ күресінен осыған дейін Бейбітпен бір-ақ рет белдескенмін. Сол кездесуде Бейбіт жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы «Қазақстан Барысында» жолымыз түйіскен жоқ. Ал дзюдода бір емес, 4-5 рет...

 

Қазақ күресінен осыған дейін Бейбітпен бір-ақ рет белдескенмін. Сол кездесуде Бейбіт жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы «Қазақстан Барысында» жолымыз түйіскен жоқ. Ал дзюдода бір емес, 4-5 рет белдестік. Бәрінде де жеңіліп көрген емеспін.

– Ержан жүлдеңіз құтты болсын!

– Рахмет!

– Өткен жылы осы «Қазақстан Барысында» төртінші орынға табан тіредіңіз. Ал биыл финалға дейін жетіп, 2013 жылғы «Қазақстан Барысының» күміс белбеуін жеңіп алдыңыз. Өзіңізге разы боларсыз?

– Бірден айтайын, бұл жеңісті маған халықым алып берді. Халық ұлардай шулап, төрешілердің шешіміне қарсы болмағанда екінші орын тұрмақ, үшінші орынға да шыға алмасым анық еді. Биыл төрешілер өрескел қателікке жол берді. Оны менғана емес, бүткіл халық көрді. Ал сұрағыңызға қайта оралсам, әрине, күміс жүлдегер болғаныма разымын. Төрешілер жолымды қанша кескенімен, әділдікті сүйетін қазақ күресінің жанкүйерлері жеңісті маған тартып алып берді.

– Бейбіт Ыстыбаев жартылай финалда шын мәнісінде жеңілді ме?

– Әрине, қазір халық санасыз емес қой. Өздері күреспесе де, белдесіп жатқан балуандардың қайсысы мықты, кімнің қолы, кімнің жауырыны бірінші жерге тиді, бәрін де қырағы көздерімен көріп отыр. Бейбітпен күрескенде төрешілердіңбүйрегі соған бұрды. Ол анық байқалды. Тіпті, жеңіп тұрған адамды жеңілді деп, Бейбіттің қолын көтерді.

Бұл деген – сұмдық ұят нәрсе. Бейбіт өткен жылы «Барыс» атанды деп, биылда сүйреп, екінші мәрте сол биіктен көрсеткісі келді. Егер қазылар олай жасайтын болса, ешкімді белдестірмей, жыл сайын «Қазақстан Барысы» атағын сол жігітке бере берсін. Тіпті, осылай дүркіретіп турнир өткізудің керегі де жоқ.

– Төрешілерге қатты ренжіген сияқтысыз, қазір көңіл күйіңіз қалай?

– Көрініп тұрған әділдікті белден басып жатса, қалай ренжімейсың. Төрешілердіңқылығына мені қойып, халық шыдамай қолдарында не бар, соны қазыларға қарай лақтырды. Бастарына бөтелке жауғанда барып, төрешілер естерін зорға жиып, шешімдерін жарты сағат дегенде қайта өзгертті.

Міне, осындай төрешілердің өрескел әрекетінен «Қазақстан Барысы» қазақкүресін дамыту қорының осыған дейінгі атқарған қыруар жұмыстарына дақ түсуі мүмкін. Бұл жерде ұйымдастырушылардың еш кінәсі жоқ. Неше ай бойы ауылдан бастап, осы финалға дейін қаншама еңбек етті. Соның арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз.

Тек қана төрешілердің әрекеті ұнаған жоқ. Мен жеңіп тұрып, Бейбіттің қолын көтергенде жаным шыдамай кетті. Тіпті, көзімнен жас та шығып кетті. Алайда, артынан бәрі орынына келді. Қазір көңіл күйімде орынына түсті.

Қатты кекшіл азамат емеспін. Қазыларға деген өкпем де тарап кетті. Ендіқателеспейтін адам болмайтын шығар. Алдағы уақытта осындай жағдай болмаса екен, ешбір спортшының басына келмесе екен деп тілеймін.

Өз ауызыңыздан естійік, Бейбітті шынымен ұттым деп ойлайсыз ба?

Мен «өйттім, бұйттім» деп айғайлағым келмейді. Бәріне Алла айғақ, халық куәболды. Кімнің басым болғанын, кімді кім ұтқанын халықтың ықыласы, пікірі көрсетеді.

– Кілем үстінде төрешілермен де, Бейбіт Ыстыбаевпен де дауласып жаттыңыз. Сол сәтте Бейбітке «жеңілдің ғой, мойындасаңшы» деп айтқан жоқсыз ба?

– Әрине айттым. Бірақ, ол ләм деп ауыз ашпады. Төрешілер барып қолын көтеріп еді, екі беті бүлк етпестен мені күмәнсіз ұтқандай қасқайып тұра берді. Негізі, Бейбіттің бұл ісі дұрыс болған жоқ. Мен Бейбітті балуан ретінде, қарсылас ретінде, жолдас ретінде, азамат ретінде қатты сыйлаймын. Әлі де солай сыйлапқала беремін.

Алайда, Бейбіт ақтық сында үшінші орын үшін белдесуге шықпай қойғаны үлкенқателік болды. Ол Бейбітке жараспайтын қылық. Бұл деген – біріншіден халықты, екіншіден осы дүркіреп өтіп жатқан доданы, үшіншіден өзін-өзі сыйламағандық.

– Бейбіт сізге финалдық белдесулер аяқталып, марапаттау рәсмі біткен соң оңаша келіп, жүлдеңізбен құттықтап, жеңілгенін мойындады ма?

– Жоқ, сол кілемге шықпаған күйі бізге көрінбей кетті. Кімге өкпелеп кетті, ол жағын білмедім.

– Осыған дейін Бейбітпен неше рет белдестіңіз? Қанша рет ұтып, нешеуінде жеңілдіңіз?

– Қазақ күресінен осыған дейін Бейбітпен бір-ақ рет белдескенмін. Сол кездесуде Бейбіт жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы «Қазақстан Барысында» жолымыз түйіскен жоқ. Ал дзюдода бір емес, 4-5 рет белдестік. Бәрінде де жеңіліп көрген емеспін.

– «Қазақстан Барысына» келесі жылы қатысу ойыңызда бар ма?

– Алла амандығын берсе…

– Әңгімеңізге рахмет!


 

Оцените пост

0
Дальше