Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:50, 02 июля 2013

екінші күн

Біздің бүгінгі саяхатымыз өте керемет өтті десем де болады.Оның себебін қазір сіздерге баяндап беремін. Біз таңертең өте ерте тұрдық. Әрине,ұйқымыз қана қоймады. Бірақ, экспедицияға деген құштарлығымыз жоғары деңгейде болғандығын жасырмай айта аламын. Астанадан 35 км алыс шақырым жерде орналасқан Қабанбай батыр кесенесіне жол тарттық. Жол бойы  Астананың әсем,жанға жайлы табиғатына куә болып,"осындай қаламыз бар біз бақыттымыз "деген мақтаныш сезімдер кеудемізді кернеп тұрды.Қас пен көздің арасында батыр ауылына да келіп жеттік.Бізді Камал қажы Абдрахман атты профессор жылы қарсы алды. Кесенеге кіре салысымен Құран бағыштап, барға қанағат етіп, ата-бабамызды бір еске алдық. Ал содан кейін сатырлаған сұрақтар қойылып, біреуі де жауапсыз қалмады. Менің білгенім, кесене 2000 жылдың  , 3 қарашасында бой көтерген.Архитекторлары:Ақжайық Сәуменов пен Сәдуақас Артаев.Биіктігі 21,5 м.Қабанбай батыр(1692-1770ж) бірнеше есімге ие болған елдің ұлы болыпты.Аңырақай,Аягөз,Алакөл т.б соғыстарға қан кешіп,елінің жауапкершілігін арқалап ,маңдай терімен қатысқан.Айта берсек ,әрине шегі бола қоймас.Оқушылар білгісі келген сұрақтарына жауап алған соң ,автобусқа жиналдық.Ендігі бағытымыз-толқыны тасыған ,қарасаң көздің жауын алатын Есіл өзені.Параходқа мініп ,Есілдің бойында қалқығанда ерекше әсер алдым.Астана мені табиғатына шынымен ғашық етті.
Есіл жағасында біраз демалдық.Қаншама адамдар отбасымен бірге келіп демалып жүр.Сондағы менің түсінгенім -Есіл адамдарды баурап алатын құдіретке ие.Біраз жүрек жалғап алғаннан кейін"Атамекен "этнопаркіне жол тарттық.Сонда менің өзім үшін жаңалық болған нәрсе:"Алтын Қыран"орденін дүние жүзінде 16 адам иеленіпті.Оны табыстайтын біздің Елбасы.Атамекенде Қазақстанның бүкіл облыстарымен таныс болдым.Ондағы әсем ғимарат макеттерін көріп ,біз таң-тамаша болдық.Көп ұзамай өзіміздің қонай үйге оралдық.Бүгінгі біздің түсінгеніміз:өткенді жасаған батырларымыз мен бүгінге жол салған жандарды ұмытпайық.Және туған жерімізге қанағат етіп ,қамқор болайық!

 
0
328
0