Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

МК РК 2013 M07 2
408
0
0
0

27 маусымда Румынияның Премьер-Министрі Виктор Понтаның Қазақстан Республикасына ресми сапарының шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Румынияның мәдениет...

27 маусымда Румынияның Премьер-Министрі Виктор Понтаның Қазақстан Республикасына ресми сапарының шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Румынияның мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған Келісім мұражай және кітапхана ісі, музыка, мәдени мұра салаларында әріптестік қатынастарды дамытуды көздеп отыр.

Келісімнің 8-бабына сәйкес Тараптар мәдени кұндылықтардың заңсыз тасымалына бірлесіп қарсы күресуге уағдаласты.

Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы румын Тарапының жазбаша хабарламасын қазақстандық Тарап алған күннен бастап күшіне енеді.

http://mki.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti_ministerstva/?cid=0&rid=1674

 

Оцените пост

0
Дальше