Әлем чемпионатының күнделігі

МО РК 2013 M07 2
193
0
0
0

Армия орталық спорт клубының ұйымдастыруымен «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы әлемдік дзюдо додасының алғашқы күні балуандар командалық сайысты аяқтады. Ерлер...

Армия орталық спорт клубының ұйымдастыруымен «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы әлемдік дзюдо додасының алғашқы күні балуандар командалық сайысты аяқтады.

Ерлер арасындағы командалық белдесулерде Корея Республикасының дзюдошылары топ жарды. Екінші орынды Бразилия және Германия командалары, ал үшінші орынды Польша және Германия командалары бөлісті.

Әйелдер арасындағы командалық жарыстарда бразилиялық қыздар бірінші орынға, қытайлық қыздар екінші орынға, германиялық және француздық қыздар үшінші орынға иеленді.

Бұрын хабарлағанымыздай, ертең 3 шілде күні дзюдошылар 60 және 66 кг дейінгі салмақ дәрежелері бойынша жеке сайыстарда күш сынасатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше