Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:47, 02 июля 2013

бірінші күн

Сәлем! Мен Ақтөбе қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысымын. Біз мектебімізбен "Туған елге тағзым" атты экспедиция бойынша еліміздің бас қаласы Астана қаласына саяхатқа шыққан болатынбыз. Жол бойы Қостанай,Көкшетау қалаларының табиғатына тамсанып, Астананы көруге деген құштарлық кеудемізде жанып тұрды. Көп ұзамай маусымның 30-ыншы жұлдызында, сағат 14:30-да арайлы Астананың вокзалына келіп түстік. Бәріміздің ойымызда жас қаланың сұлу жерлерін көріп, тамашалау болды. Астана-арман қала.Оны көру әр баланың арманы. Бірақ та мен жыл сайын Астана қаласына келетінмін, сондықтан қасымдағы әріптестеріме білген жерлерімді айтып, көрсетіп жаттым. Айта кету керек, бізді  "Dana tour" туристік агенттігі күтіп алды. Содан соң автобуспен төрт жұлдызды "G - Empire" атты қонақ үйге келіп орналастық. Бізге яғни мен, Айсултан, Ертарғын, Ниязби, Абылайхан 703 деген люкс номер берді. Қонақ үй маған және басқа да балдарға қатты ұнады.  Біздің алғашқы сапарымыз біздің әріптестеріміз Астана қаласындағы НЗМ-нен басталды. Жол бойы Астанадағы сансыз биік, жаңадан салынған ғимараттарға қарап ерекше әсер алдық. Зәулім үйлердің біреуінде тұрсам деген армандап та қалдық. Тез арада  НЗМ-ге де келдік. Әрине мектеп Ақтөбе қаласындағы НЗМ-нен кішкентай, бірақ та Астана да жаңа дан НЗМ мектебі ашылғалы жатыр. Ал енді мектепге кіре салысымен бізге мектепті түгелімен таныстырды. Мектеп 2009 жылдан бері жас талантты өрендерге білім берумен жұмыс жасап келе жатыр. Содан соң бізді кешкі асты тамақтануға апарды. Тағы да айта кететінім бізге күніне үш рет тамақ береді. Ал енді ертен біз Қабанбай батырдың кесенесіне барамыз.oiYN2osgQ2g7KEk6n830aPu9KQ9jjm.jpg

0gIPhwZi7cs9VLEP6XY2T5djHwS7jZ.jpg

0
415
0