«31 арна» журналистері жоғары бағаға ие болды

31 Арна 2013 M07 1
1902
0
1
0

26 маусым күні Қазақстан журналистер одағы Республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысын шығарып, үздік жұмыстарды анықтады.

Мінсіз дәлелдерді алға тарту, фактілерді байланыстыра білу, қоғамның өзекті мәселелерінің шешілуіне септігін тигізу, көкейкесті тақырыптарды көтеру нағыз журналистің міндеті. «31 арнаның» еншісінде осы қасиеттерге ие болғандардың саны аз емес. Оған дәлел кәсіби мереке қарсаңында алған сан түрлі сыйлықтар мен марапаттар.

26 маусым күні Қазақстан журналистер одағы Республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысын шығарып, үздік жұмыстарды анықтады. БАҚ жұмыскерлерінің арасындағы биылғы жылдың үздіктеріне Қазақстан журналистер одағының лауреаты атағы берілді. Жеңіске жеткендердің арасынан «31 арнаның» қатарынан екі журналист табылды.

Үздік «Журналистік зерттеу» номимнациясы бойынша маңызды тақырыптарға зерттеу жасап жүрген «Сөздің шыны керек» бағдарламасының редакторы Ирина Алимжанова мен «Честно говоря» бағдарламасының редакторы Полина Шиманская ие болды.

«31 арнаның» қанжығасына «Час Бендицкого» бағдарламасының авторы, отандық журналистиканың майталманы Геннадий Бендицкий «Қазақстан полициясына 20 жыл» деген медальмен  майлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы медиа орталық Асқар Мендібаев пен Ирина Советжанқызының жұмысына оң баға берді. Олар «Үздік тележүргізуші» мен « Үздік тележурналист» атағына ие болды.

Аймақтық қызметкерлер мен операторлар да назардан тыс қалмады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы медиа орталық «Үздік оператор» деп Сүлейменов Думанды таныса, Мәжіліс парламентінің спикері Нұрлан Нығматулин Астана қаласындағы корпунктің операторы Арман Бөкеевтың жұмысын ерекше атап өтті. «Үздік аймақтық корреспондент» атағын Қызылорда қаласындағы тілші Тілеген Бекарстанов  алды.

Бағдат Қожахметов, «31 арнаның» Бас директоры:


«Шығармашылықта жүрген кез келген адамға, әсіресе әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп жүрген журналистқа сол қоғамның мойындағаны кез-келген марапаттан артық. Журналистің мамандығы оның мойнына біраз жүкті іледі. Ең бастысы жауапкершілік және әділдікті сезіне білу. Біздің журналистеріміз марапатқа ие болғанына қуаныштымын. Бұл үлкен ұжымның еңбегінің жемісі.

Өткен жылдың аяғында біз қоғамдағы көкейкесті мәселелерді көтеретін, қарапайым қоғамның күйін көрсететін ақпараттық бағдарламаларды күшейттік. Еңбек жемісті болып, қоғам мен билік оңтайлы өзгерістерді назарсыз қалдырмады. Барлық әріптестеріме шығармашылық ізденісте табыс, ой бұлағының сарқылмауын тілеймін».

Оцените пост

1
Дальше