• 414535
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әділбек Жақсыбеков: Жоғарғы Бас қолбасшының Қазақстан Қарулы Күштерінің алдына қойған басты тапсырмасы – қорғаныс қабілетін нығайту

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы болып өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, департаменттер мен басқармалардың бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, әскери оқу орындары мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары және сержанттар құрамы қатысты.

Алқа жұмысы басталар алдында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚР Президенті өкімімен жауапты лауазымдарға тағайындалған генералдарды таныстырып, олардың  жұмыстарына жеміс тіледі. Министр, сондай-ақ генералдар Талғат Жанжүменовке, Александр Сорокинге еліміздің  қорғаныс қабілетін арттыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, олардың  тәжірибелері мен әлеуеттері армияның келешекте жетілдірілуіне  жұмсалатындығын атап өтті.

Алқа жиналысы қарсаңында Мемлекет басшысының өкімімен Сапаров Оқас Базарғалиұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Орманбетов Нұрлан Секенұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Бүгін алқа отырысында Қорғаныс министрі «Астана» өңірлік қолбасшылығы  әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылған Алтынбаев Мүсілім Мұхтарұлын ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалғандығын айтты.
– Елбасы – Жоғарғы бас қолбасшы өз Жолдауында қазіргі кезеңдегі Қарулы Күштердің алдында тұрған басты тапсырма – қорғаныс қабілетін нығайту екенін нақты айқындап берді. Жауынгерлік қарым-қабілетті сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі әскерлерді жасақтау және қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жағдайы, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.
2013 оқу жылының қысқы кезеңінде Қарулы Күштерде әр түрлі ауқымдағы 800-ден астам тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жауынгерлік дайындықтың қарқыны артуда, бұл өз кезегінде сардарлар мен сарбаздардың жауынгерлік рухын нығайту мен кәсіби шеберліктерінің өсуіне оң ықпал етеді. Қарулы Күштердегі бөлімшелердің неғұрлым сапалы дайындығы үшін әр түрлі ауқымдағы және бағыттағы маневрлар өткізіліп келеді. Тараптар шартты қарсылас ретінде күш сынасатын екі жақты оқу-жаттығуларын өткізу де өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл басқару органдары мен әскерлерді дайындаудағы өте күрделі іс-шара болып табылады.
Осы жылдың соңына дейін Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс», «Батыс», «Жауынгерлік достастық», «Шағала» сынды ірі көлемдегі жаттығуларға, сондай-ақ «Дала қыраны – 2013» тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуларына қатысатын болады. Қорғаныс министрі оқу-жаттығуларда сарбаздан бастап сардарға дейінгі әрбір әскери қызметші атыс қаруынан шынайы атып, әскери техниканы сауатты жүргізіп, жақсы тәжірибе алу керек екенін қадап айтты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы барлық құрылымдар шоғырланып жұмыс істеп, жоспарланған іс-шараларда кедергі болмауы керек екенін ескертті.
Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану мәселелерінде Қарулы Күштердегі техникалық қамтамасыз ету органдарының негізгі күші әскерлердің жедел, жауынгерлік және жұмылдыру, жауынгерлік кезекшілік және әскерлердің қызметіне, бөлімдер мен құрмаларды қазіргі заманғы қару-жарақ және әскери техникалардың үлгілерімен уақтылы жарақтандыру мен оларды жетілдіруге бағытталған.
Қатаң бақылауды ұйымдастырудың нәтижесінде қысқы оқу кезеңінде қару-жарақ пен әскери техниканы қамтамасыз ету тапсырмалары жоғары деңгейде шешілді.
Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысумен өткен Жауынгерлік парадқа қару-жарақ пен әскери техниканы сапалы дайындауға айрықша мән берілді. Жауынгерлік парад Тәуелсіз мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болды. Ол сардарлар мен сарбаздардың жауынгерлік дағдысы мен кәсіби шеберліктерін паш етті. Жауынгерлік парадты трансляциялау еліміздң барлық тұрғындарына армияның күш-қуаты мен жауынгерлік қабілетін дәлелдеп берді.
Алқа отырысына қатысушылар Қарулы Күштердегі әскери тәртіп пен құқық тәртібі мәселелері бойынша барлық лауазымды адамдар, құрылымдар мен әскери басқару органдары арасындағы тиімді және практикалық өзара іс-қиымылдың бірлескен алдын алу қызметі саласындағы ортақ нүктелерін табу, сондай-ақ адамға идеологиялық, ақпараттық-тәрбиелік және моральдық-психологиялық ықпал етудің барлық спектрі бойынша бірыңғай құқықтық кеңістік қалыптастырудың әскери тәртіпті нығайтуда үлкен роль атқаратынын атап өтті.
Қорғаныс министрі тәртіп пен жауынгерлік даярлықтың жай-күйі сержанттардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатынына тоқталды. Осыған байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы сержанттар корпусын кәсібилендіруді әрі қарай дамыту қажеттігін атап көрсетті.
Алқа отырысының барысында әскери оқытылған резервті жинақтау жөнінде атқарылған жұмыс талқыланды. Наурыз-сәуір айларында 600-ге жуық әскери міндетті оқу-жаттығу орталықтарының базасында жиындардан өтті.
Азаматтарды мерзімді қызметке шақырудың көктемгі науқаны да табысты өтті. Тіркелген құрамды жасақтау сапасы айтарлықтай жақсарды. Шақырылушыларды зерделеу үшін әскерлердің өкілдердінің жергілікті жерлерге шығумен жаңа жүйе сынақтан өтті.
Қолбасшылық құрам Қорғаныс министрлігі Алқа отырысында қорытындыларды талқылай отырып, келесі кезеңге жоспарларды талқылады. Биыл күш «КADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін ұйымдастыру дайындау және өткізуге бағытталатын болады. Еліміз қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту әрі қарай қару-жарақ пен әскери техника, әскери мүлік, қызмет көрсетулер импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы үш еседен аса өсті. 2014 жылға арналған қорғаныс бюджеті бір жарым еседен атық өсіп отыр, оның негізгі шығыстары Әуе қорғанысы күштерінің, Құрлық әскерлерінің және Әскери-теңіз күштерінің әлеуетін арттырып, жауынгерлік мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталатын болады.
Сонымен қатар бюджетте тұрғын үй сатып алу мен оның құрылысына арналған, тұрғын үйлер мен тұрғын үйлерді жалға алу үшін мақсатты өтемақылар төлеуге арналған әлеуметтік шығыстар көзделген. 2013 жылмен салыстырғанда Қарулы Күштердегі әлеуметтік сипаттағы шығыстар 36 пайызға ұлғаяды.
Қорғаныс министрлігі Алқасының отырысын қорытындылай келе ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков қолбасшылық құрамды жеке құрамның жауынгерлік шеберлігін шыңдап, жауынгерлік даярлық қарқынын арттыру, әскери тәртіпті нығайту, дене даярлығын дамыту, армияның жауынгерлік әзірлігін айқындайтын басқа да мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға шақырды.

ҚМ ҚР Баспасөз қызметі

МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
28 июня 2013, 12:29
291

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 қыр. 2017 / 16:26
  • 7639
  • 13
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 қыр. 2017 / 15:48
  • 3957
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 қыр. 2017 / 13:16
  • 2765
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 қыр. 2017 / 15:45
  • 2734
  • 91
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 қыр. 2017 / 14:25
  • 2211
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 қыр. 2017 / 12:16
  • 2769
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 қыр. 2017 / 14:33
  • 2158
  • 33
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 қыр. 2017 / 16:58
  • 1919
  • 13
Одним уникальным садом в столице станет больше – Корейский сад в Астане

Одним уникальным садом в столице станет больше – Корейский сад в Астане

27 сентября откроет свои двери уникальное место в Астане –  Корейский сад. Подобных общедоступных мест нет в Астане. Это видно по дизайну парка, который был разработан в Южной Корее.
iamYerlan
18 қыр. 2017 / 0:51
  • 1960
  • 7