Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:11, 27 июня 2013

Бурабайда триатлон бойынша құрлықтық дода өтті

Blog post image

 

Триатлон шеберлері Бурабайда бас қосты. Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін құрлықтық додаға 9 елден 40-тан астам спортшы жиналған.

«Үш сайыс» деп аталатын жарысқа қатысушылар алдымен жүзуден, кейін велобәйге мен жеңіл атлетикадан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша ресейлік спортшылар жеңімпаз атанды. Ел намысын қорғаған Кирилл Уваров пен Оксана Грот сәйкесінше екінші және үшінші сатылардан көрінді. Сонымен қатар бәсеке барысында жастар және жасөспірімдер арасындағы  жарыстар ұйымдастырылды. Триатлоннан Азия кубогының кезекті кезеңі Көкшетауда өтеді деп жоспарланған.

 
0
189
0