место в рейтинге
  • 754393
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Біздің Бартез

 

«100 жылдыққа– 100 футболшы»:Олег Воскобойников

Қақпашы жарты команда деген түсінік бар. Сондай-ақ, әр елдің өз Бартезі болады дегендей, біздің елде үш жыл қатарынан ең үздік ойыншы атанған бір қақпашы бар, оның есімі Олег Воскобойников

Оле́г Игоревич Воскобойников – 1971 жылы 4 маусымда Алматы қаласында дүниге келген. Олегтің футболға деген қызығушылығын оятқан әкесі еді. Игорь да  кезінде Тараз жерінде доп тепкен кәсіби футболшы. Баласын жас кезінде қатал тәртіппен, жаттығудан қалмауын үнемі қадағалап отыратын. Олег Алматыда туғанымен, балалық шағы осы Тараз қаласында өтті.

Ал спорт мектебіне барғанда, алғашқы бапкері – Төлеген Шәріпұлы Орымбаев болды. Төлеген бапкер шәкіртіне футболдың қыр-сырын үйретті. Негізі бұл бапкерден бірнеше танымал футболшылар тәлім алған. Бағлан Ергешев, Максим Мельников сияқты ойыншылар осының айғағы.

Футболшылар жас кезінде гол соққанды, алдыңғы шепте ойнағанды ұнатады. Сол сияқты Олег те басында шабуылшы боп өнер көрсеткен. Бір күні жаттығуға негізгі құрамның қақпашысы келмей қалып, бапкерлер оны қақпаға тұрғызады. Кезінде әкесі де қақпашы болған. Баласының да қақпашы болғанын байқап, әкесі қолы бос кезінде баласын аулада өзі жаттықтырып, шеберлігін шындайтын.

Мектепті бітірген соң, жоғары оқу орнына түседі. Бірақ, футболды тастаған емес. Оқумен қатар жергілікті «Томирис» командасында ойнап жүреді. Бұл командада сол кезде кейінен танымал футболшы болған Нүркен Мәзбаев болды. Бір күні футбол маманы Әмірби Динаев Воскобойниковтардың үйінде қонақ болып, әкесінен Олегтің  Түркістанның «Монтажник» командасына аусуына рұқсат сұрайды. Әкесі өз келсімін берген соң, баласы Түркістанға жол тартады. Осы тарихи астанада бір жыл ойнап, еліміздің сол кездегі бас қаласы Алматыға келіп, «Олимпия» командасына ауысады. Келесі жылы қайтадан оңтүстіктің командасында ойнауды жөн санайды. Бұл жолы Шымкенттің бас командасы «СКИФ-Ордабасының»  №1 қақпашысы атанды. Осы командада ойнап жүрген кезінде ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарына шақырыла бастайды. Бауыржан Баймұхамедов бапкер 1994 жылы Тәжікстан құрамасына қарсы ойында алғашқы рет ұлттық құраманың жейдесін киіп шығуына мүмкіндік берді.Сол жылы әріптесі Николенко екеуі ұлттық құраманың қақпасын кезек күзетіп жүрді.

Шымқаланың намысын үш жылы қорғаған соң, 1996 жылы «Тараз» сапына ауысады. Бұл өзі оның өмірінде маңызды кезең болды. Келе сала командасы Қазақстан чемпионатының алтын тәжіне қол жеткізеді. Бұрын-сонды «Таразда» Олег те Қазақстан чемпионатында топ жарып көрген емес еді. Қақпасын бірнше қауіпті соққылардан аман-сақтап  қалған Олегке айтар командаластарының алғысы шексіз болса, Олегтің де әріптестеріне деген ризашылығы ерекше болды. Келесі жылы «Тараз» жүлделі екінші орынға қол жеткізді.

«Таразда» ойнаған кезінде екі жыл қатарынан еліміздің ең үздік футболшысы атанды.

Әйткенмен де, чемпион болған командасынан да кетуіне тура келді.Клубты демеп қолдап келген бұрыңғы әкім кетіп, орнына жаңа әкім келеді. Осы кезде командадан бірнеше ойыншылар клуб ауыстыруларына мәжбүр болады. Бала кезінде бірге ойнаған Нүркен мен Олег Қызылорданың «Қайсарымен» келісімге отырды,

Осындай шебер ойыншылар келген соң, «Қайсардың» жағдайы жақсарды. Бұған дейін жоғары орындарға маңайлай алмай жүрген команда 1998 жылы төртінші орынға дейін көтеріледі. Бұл бірінші кезекте Олегтің арқасы. Командасын талай қиын кезде құтқарып, қақпасын голдан аман қалып жүрді. Осы еңбегін бағалаған болу керек футбол мамандары үшінші рет еліміздің ең үздік ойыншысы деп таниды. Ал 1999 жылы «Қайсар» өз тарихында Қазақстан Кубогына қол жеткізді.

Одан кейін досы Нүркенмен бірге шымкенттік «Синтезге» ауысады. Бірақ, бұл командада көп тұрақтамай, екеуі тағы команда ауыстырады. Бұл жолғы командалары елордалық «Жеңіс» болды.

«Жеңістен» соң, «Атырау», «Ақтөбе», «Тараз» командаларында ойнады. А «Ордабасы» сапында ауысқан соң, қолғабы мен бутсысын шегеге ілді. Еліміздегі ең даңқты қақпашы осылайша үлкен спортпен қош айтысты.

Ұлттық құрама сапында 1994-2000 жылдар аралығында барлығы 25 ойынға қатысты. Әлем және азия чемпионаттарының іріктеу кезендерінде де өнер көрсетті. Осы жылдардың аралығында әсіресе, Қазақстанның Францияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясында 1997 жылы Азия аймағында екінші раундқа өткені бар.Сол құраманың негізгі қақпашысы Олег болды. Осы жылдары оған клуб пен қатар ұлттық құрамада тең келер ешкім болмады.

Қазіргі кезде «Ордабасының» қақпашыларын даярлайды. Ол тәрбилеп жүрген Самат Отарбаев соңғы кезде жақсы қырынан танылып, ұлттық құраманың жиындарына да шақырыла бастады.

Жетістіктері:

Командалық:

Қазақстан чемпионы: 1996 жылы.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері:1997,2001,2002  жылдары.

Қазақстан Кубогының иегері: 1999 жылы

Жеке жетістіктері:

Еліміздің үздік футболшысы: 1996,1997,1998 жылдары.


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
28 июня 2013, 10:02
182

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38390
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
вчера / 14:43
  • 7619
  • 52
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1709
  • 2
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2366
  • 5
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1372
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1335
  • 6