Маңғыстау облысында «Орал» зымыранды-артиллериялық кеме қызметке кірісті

МО РК 2013 M06 27
238
0
0
0

5 мың аттың күшіне тең «Орал» атты зымыранды-артиллериялық кеме өз қызметіне кірісті. Батыс Қазақстандағы «Зенит» зауытында жасалған қуатты кеме Каспий теңізінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен ...

5 мың аттың күшіне тең «Орал» атты зымыранды-артиллериялық кеме өз қызметіне кірісті. Батыс Қазақстандағы «Зенит» зауытында жасалған қуатты кеме Каспий теңізінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық мүддесін қорғамақ. Отандық өнім озық үлгідегі заманауи қару-жарақтармен және навигациялық байланыс құралдарымен жабдықталған.

«Орал» - еліміздің әскери теңіз күштері қол жеткізген екінші отандық өнім. Былтыр «Қазақстан» атты тұңғыш зымыранды кемесі қызметке кіріссе, міне, енді оның қатарына тағы бір кеме қосылды. Дегенмен, «Орал» «Қазақстан» кемесіне қарағанда қуаттырақ. «Үш жерден қару қондырғысы орнатылған, екеуі зымыранды, ал үшіншісі артиллериялық қару. Атылған оқ 15 шақырымға дейінгі нысанаға дәл тиеді»,- дейді теңізшілер.

Нұржан АСЫЛБЕКОВ, ШТУРМАН:

-Штурмандық техникасы жағынан соңғы техникалармен жабдықталған. Айтып өтетін болсақ, электроникалық системасы Шкипер және де Фурумо. Мұнда репитрлері бар. Мұнда ауаның температурасын, желдің бағыты мен қуатын біле аламыз. Және давлениені қарап, осында қадағалап отыра берсек те болады. Өте ыңғайлы.

Ұзындығы 42, ені 8 метрді құрайтын кеме Оралдағы «Зенит» зауытында 2 жылдай құрастырылған. Қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды атқару үшін оның теңізде 10 тәулік бойы жүретін мүмкіндігі бар. Экипаж құрамы сайдың тасындай іріктеліп алынған 30 офицер мен матростан тұрады. Әскери-теңіз күштерінің қаруланған ең қуатты кемесін басқару шетелде білім алып, оны тәжірибемен ұштай білген Қайрат Шаршанқұловқа жүктелді.

Қайрат ШАРШАНҚҰЛОВ, «ОРАЛ» КЕМЕСІНІҢ КОМАНДИРІ:

-Экипаж мүшелері кеменің құрылысы басталғаннан аяқталғанша басы-қасында болдық. Өзіміз қабылдап алдық. Сондықтан, кеменің құрылысын, оның қандай қарулармен, навигациялық байланыс құралдарымен жарақталғанын жақсы білеміз. Отандастарымызды алға қойған міндеттерімізді абыроймен орындаймыз деп сендіргім келеді.

Каспий теңізіндегі ел қауіпсіздігі мен экономикалық мүддемізді қырағы қорғауды мақсат тұтқан кемені сынақтан өткізу үшін теңізшілер алғашқы жорыққа аттанды. Ал келер жылы Қазақстан флоты тағы бір отандық кемемен толықпақ. «Зенит» зауытында тап осындай зымыранды кеме жасалуда. Осылайша, ең жас қарулы құрылым – әскери-теңіз күштері өз қуатын арттыра түспек.

Хабар телеарнасы

 

Оцените пост

0
Дальше