Қаржы полициясы «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады

Финансовая полиция June 27, 2013
260
0
0
0

Ағымдағы жылғы 14 маусымда Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаменті «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшылығына қатысты аса ірі мөлшерде қаражатты ұрлау фактісі бойынша...

Ағымдағы жылғы 14 маусымда Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаменті «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшылығына қатысты аса ірі мөлшерде қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының бастығы О.Абаев пен филиалдың құқықтық қамтамасыз ету секторының бастығы Қ.Үмбетовке 2012 жылғы маусымнан желтоқсан аралығында филиалдың бөлімшелеріне қажетті көмір мен отынды мемлекеттік сатып алудың жалған конкурсын өткізу арқылы 6,8 млн.теңге қаражатты ұрлады деген күдік тағылып отыр.

Ағымдағы жылғы 20 маусымда филиалдың құқықтық қамтамасыз ету секторының бастығы Қ.Үмбетов ұсталып уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, 21 маусымда сот санкциясымен қамауға алынды.

Абаев ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Қылмыстық іс тергелуде, оның нәтжелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Оцените пост

0