Нақтырақ Әділбек Жақсыбеков Аэроұтқыр әскерлерінің жауынгерлік дайындығы деңгейін жоғары бағалады

МО РК 2013 M06 27
317
0
0
0

Бүгін Алматы облысында орналасқан Аэроұтқыр әскерлерінің әскери бөлімдері Қазақстан Қорғаныс министрінің нұсқауымен таңғы сағат бесте оқу дабылы бойынша көтерілді. Бұл тексерудің бір ерекшелігі...

Бүгін Алматы облысында орналасқан Аэроұтқыр әскерлерінің әскери бөлімдері Қазақстан Қорғаныс министрінің нұсқауымен таңғы сағат бесте оқу дабылы бойынша көтерілді. Бұл тексерудің бір ерекшелігі Аэроұтқыр әскерлерінің әскери бөлімдері белгіленген ауданға толық құрамда шығарылды.

 

 

Десантты-шабуылдаушы және артиллериялық бөлімшелер тапсырма алысымен штаттық техникамен үш жүз шақырымдық марш жасады. Әскерлер мен техниканың қалыпты жылжуын әскери тікұшақтар қамтамасыз етті, олар әуе барлауын жасап, белгіленген ауданға бағыт алған әскерлерді әуе шабуылынан қорғауды жүзеге асырды.

   

Белгіленген ауданға армиялық авиацианың тікұшақтарымен жеткізілген арнайы мақсаттағы бөлімшелер ең басты күштердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындайтын ауданға жетуін қамтамасыз етті.

   

Аталған шараның өткізілуі кезекті жауынгерлік оқу кезеңінің бүгінгі шынайы жай күйін тексеру және десанттық бөлімшелер мен авиацияның өзара іс қимыл деңгейін көтеру болып табылады.

   

Әскерлер берілген тапсырманы табысты орындады және белгіленген ауданға дер кезінде толық құрамда жетті. Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Аэроұтқыр әскерлерінің іс-қимылын жеке өзі бақылады. Осы мақсатта ол Талдықорған, Қапшағай гарнизондарының үстімен ұшып өтті. Қорғаныс ведомствосының басшысы Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы деңгейін жоғары бағалады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше