Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:40, 27 июня 2013

Президент Кубогы үшін жарыста ел құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

Blog post image

 

Еліміздің волейболдан әйелдер құрамасы «Қазақстан Президентінің Кубогы-2013» халықаралық бәсекесінде үшінші мәрте топ жарды.  Бұл туралы  Vesti.kz жазды.

Доданың үшінші күні жерлестеріміз 3:2 есебімен әзербайжандық волейболшылардан басым түсті. Бұған дейін еліміздің бірінші құрамасы 3:2 есебімен Белоруссияның өкілдерін сүріндірсе, Екатеринбордан келген «Уралочка-2» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстанның екінші құрамасы қытайлық «Ляонин» командасына 0:3 есебімен жол берді. Өз кезегінде белоруссиялық нәзік жандар «Уралочка-2» 3:0 есебімен жеңді.

Бүгін еліміздің бірінші және екінші құрамасы өзара бақ сынасады. Кездесу Павлодардың «Астана» мұз сарайында Астана уақыты бойынша сағат 17:00 өтеді


 
0
228
0