Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:02, 26 июня 2013

1 шілдеден бастап «KazSport» телеарнасы іске қосылады

Blog post image

 

2013 жылдың 1 шілдесінен бастап отандық телевизия кеңістігінде «KazSport» телеарнасы өз жұмысын бастайды, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокешені.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жаңа спорттық телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ телевизиялық бірлестігіне кіреді. Бірлестік құрамына «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Мәдениет», «Балапан» телеарналары мен 14 өңірлік телеарна кіреді. Бұл «KazSport» телеарнасына Қазақстанның барлық өңірінен тікелей көрсетілімдер жасауға мүмкіндік береді. «KazSport» телеарнасын «Отау ТВ» ұлттық телехабар жүйесі мен кабельді операторлар бағдарламаларынан көруге болады.

Телеарна тәулігіне 20 сағат бойы хабар тарататын болады.

Арнаның ресми ашылуы 1 шілде күні сағат 10.00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.


 
0
193
0