Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:01, 26 июня 2013

FILA рейтингіне 15 балуанымыз енді

Blog post image

Халықаралық күрес түрлері федерациясы балуандардыңмаусым айындағы рейтингін түзді. Бұл жолы екі балуанымызүздік үштіктен көрініпті. Нұрмахан Тынәлиев 3-орында болса, Татьяна Аманжол өз салмағында әлем балуандарының көшін бастады.

Бұған дейін қыздар күресінде 51 келінің көшін канадалық Джессика Макдональд бастап тұрған. Италияның Сассари қаласында өткен Гран-При кезеңіндегі жеңісінен кейін Татьяна канадалық балуанды арттақалдырды. Сондай-ақ, осы салмақта тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко 4-орыннан көрініпті.

Грек-рим күресінде Нұрмаханнан бөлек, Жансерік Сәрсенбиев 55 келіде 12-орында, Алмат Кебіспаев 60-келіде үздік ондықта, 66 келіде ЕрболҚоңыратов та 10-орында, 74 келіде Досжан Қартықов 13-орында болса, 96 келіде Ерұлан Ысқақов рейтингтің 11-сатысына орналасты.

Еркін күресте Расул Қалиев 55 келіде 9-орынға көтерілген. 60 келіде Дәулет Ниязбеков өз орнын сақтап, 8-сатыдан жылжыған жоқ. Ал өзге балуандарымыз ФИЛА рейтингінде үздік 15 саңлақтың қатарынан көріне алмады.


 
0
160
0