Yvision.kz
kk
1
04:59, 26 июня 2013

«31 арна» — ресми блогы

31 арна

Сәлем достар!

«31 арнаны» енді тек көріп  қана қоймай, оқуға да болатынын  қуана хабарлаймыз. Бұл жерде  арнамызда көрсетілетін фильмдерге шолу жасаймыз, бағдарламалар туралы түрлі ақпараттармен бөлісеміз, кадр сыртында қалған қызықты сәттерді көрсетеміз (өйткені, барлық тележобаларды түсіру кезінде кадрдан тыс қаншама күлкілі жағдайлар болып жатады, әдетте одан телекөрермен хабарсыз).

Танымал актерлер, продюсерлер, журналистер және өзге де, экранда көрінбесе де телевизия қызметінің ауыр жүгін арқалап жүретін,  мамандардың өміріндегі жаңалықтармен, сіз алғашқылардың бірі болып таныса аласыз.

Бұған дейін арнамыз туралы Facebook,Vkontakte, Twitter, Мой Мир әлеуметтік желілерінен білуге болатын еді. Енді, міне, ресми блогымыз да бар.

Қатарымызға қосылыңыз, оқыңыз, көріңіз, әңгімеге араласыңыз, пікір бөлісіңіз, ал біз өз кезегімізде сізді зеріктірмес үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз!

1
371
0