Әділбек Жақсыбеков ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты

МО РК 2013 M06 26
220
0
0
0

Бүгін Әділбек Жақсыбеков Бішкек қаласында өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты. Қырғыз Республикасының астанасында қорғаныс...

Бүгін Әділбек Жақсыбеков Бішкек қаласында өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты. Қырғыз Республикасының астанасында қорғаныс ведомстволарының басшылары бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Кеңесте Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей Тәжікстан қорғаныс ведосмтволарының басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ШЫҰ-ның қазіргі жағдайда дамуы жөнінде пікір алмасты.
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті  қолдау жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған. Бұл үрдістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global бастамасымен ұштасады. Аталған форум ынтымақтастықпен өзара түсіністіктің белсенді дамуына және біздің ортақ мүддемізге қызмет етеді. Сенім мен стратегиялық үнқатысуды алға бастыру идеясы қазақстанның сыртқы саясатындағы басты элементтердің бірі,- деді  Әділбек Жақсыбеков.
ШЫҰ-на мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшылары халықаралық коалициалық күштердің белсенді орерациялары аяқталғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
– Біздің еліміз Ауғанстандағы мәселелердің ретке келтірілу сұрақтарына ШЫҰ шеңберінде де белсенділік танытуда. Қазақстан келешекте де бейбіт өмірдің қалпына келуіне – әсіресе әлеуметтік және білім бағдарламасы мен жобаларына, гуманитарлық көмек көрсетуге жәрдем береді,-деді Қазақстан Қорғаныс министрі.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін, сондай-ақ терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз наркотик айналымына және трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы қорғаныс министрлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажет екендігін атады. Кеңеске қатысушылар халықаралық келісім нормалары мен ұйымның жарғылық құжаттарын ШЫҰ кеңістігінде сақтаудың нәтижесінде серіктестік қарым-қатынастар қалыптасқандығын атап өтті.
– Инспекциялық қызметті жүргізудегі өзара қарым-қатынас та жоғары деңгейде екендігі байқалды. Біздің елдеріміз, достық пен тату-көршілікті қолдай отырып, өздері қабылдаған халықаралық оның ішінде әскери саладағы міндеттерін жоғары дәрежеде жауапкершілікпен орындауға қол жеткізуде, - деді Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы.
Кеңесте ШЫҰ-на мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшылары  2014-2015 жылдарға ынтымақтастық Жоспарын бекітті және ұйымға қатысты 2014 жылы Қытай Халық Республикасының территориясында өткізілетін «Бейбітшілік миссиясы-2014» бірлескен әскери террорға қарсы жаттығуына дайындық пен оны өткізу сұрақтарын талқылады. (Анықтама: «Бейбітшілік миссиясы-2010» Қазақстан Құрлық әскерлерінің Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпы әскери полигонында өтті).
Кеңестің қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер  қорғаныс министрлері Бірлескен коммюникеге қол қойды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0