Тікелей эфир

Талғат Рысқұлбеков: «Жалған желтоқсаншылар көп»

Былтырғы жылдың желтоқсан айында «Екпін» журналы 1986 жылғы толқуларға қатысқандармен сұхбат жасаған еді. Алаңға шыққан сол кездегі Алматы студенттері бүгінде елуге таяп қалды, әрқайсысы желтоқсанның ызғарлы күндерін еске түсіріп, өз шындығын айтудан бас тартпай, бүгінгі жастармен бөлісті. Бүгінгі материалда Желтоқсан құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтың інісі Талғат Рысқұлбековтың естелігін жариялап отырмыз.

Талғат Рысқұлбеков:

Өз халқын өзге ұлт өкілінің билеуіне қарсы болған жастардың арасында мен де, менің туған ағам Қайрат та болдық. Қайрат көтеріліске шықпай тұрып алдын ала екі досымен барып академиясындағы (Қайрат Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында оқыған — "Екпін") Әркен Уақов деген кісіге жолығып ақыл сұраған. Ол кісі қазір демократия, перестройка, қолдарыңа плакаттарыңды алып, ұрандатып бейбіт шеру жасауға болатындығын айтады. Сөйтіп Қайрат пен оның өзімен бірге жатақханада тұрған Е және Б деген достары «Алаңда болғанымызды ешкімге айтпаймыз. Егер біреуіміз ұсталсақ, әрқайсымыз өзімізге жауаптымыз» деп уәделесіп, алаңға шығып кетеді.

Бірақ екі досы ұсталған кезде сөздерінде тұрмақ түгілі «Әркен Уақов бізге алаңға шығыңдар деді» деп ағайларын да сатып кеткен. Сөйтіп ол 8 жылға сотталып кетеді. Әркен Уақов абақтыдан шыққаннан кейін мені тауып алып, үйіне шақырып қонақ қылып, қолымнан алып, бетімнен сүйіп: «Егер Қайрат тірі болса, тізерлеп тұрып рахмет айтатын едім» деді. Өйткені Е мен Б оны айтып бергенде Қайрат қана оны мойындамаған, сол үшін Қайратқа өле-өлгенше риза болып өтетіндігін жеткізді. «Егер сол кезде Қайрат та мені көрсеткенде, ату жазасына кесер ме еді» дейді Әркен Уақов.

Қайраттың ерлігі - өзі ұсталып кетіп бара жатса да басқаны өзімен ала кеткен жоқ. Ол сот залында тұрып айтқаны қазір протоколда, Мұхтар Шахановтың кітабында да бар: «Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол үшін соттаймын десеңдер де соттай беріңдер. Екі мыңдай адамды алаңға алып барғаным рас. Мойындаймын. Бірақ ана Савицкийдің өліміне қатысым жоқ. Егер қатысым болса, оны да мойындайтын едім. Бір милиционер қазақ қызының шашынан сүйреп бара жатқандығын көріп жебер деген едім, жіберемеді, сонда мен оны ұрдым да қызды ажыратып алдым. Ол міне сот залында отыр» деп, Алмабеков деген кісіні көрсетеді. Ол сол кезде жәбірленуші болып сотқа қатысқан.

Қайрат: «Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына мүйіздісі мүйізін, тұяқтысы тұяғын көтерген емес. Оның қасында біз Адам атадан тараған адамзат деген атты алып жүрген жоқпыз ба, - деп, өзі үлкен жазаға кетейін деп тұрса да, - ...және мен оған еш өкінбеймін. Мына оңбағаннан (Алмабековтен) кешірім сұрамаймын. Сол үшін соттаймын десеңдер соттай беріңдер. Егер осы оқиға қайталанса, мен қайтадан осыны істейтін едім, сол қарындасыма қайтадан араша түсер едім», - дейді 21 жасар бала.

Бүгінгі Тәуелсіздік, біріншіден, ата-бабамыздың сонау заманнан құдайдан сұраған дұғасының қабыл болғандығы. Екіншіден, 86-жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан бүкіл қазақтың ар-намысының оянуы. Үшіншіден, Грузия, Прибалтика елдерінің бізден кейін іле-шала көтеріліп, КСРО-ның құлауына алып баруы еді.

Қайрат:

«Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!» — деп өз сөзінде соңына дейін тұрды. Ал достары оны сатып кетті. Жай ғана сатса мақұл екен, сорақысы, сол екеуі оған жала жапты. «11.30 мен 12.15 минуттың арасында Қайраттан көз жазып қалдық, қайда кеткенін білмедік. Біз сол уақытта Сәтпаев пен Фурманов көшесінің қиылысында едік, ол 40-45 минуттан кейін қасымызға қайтадан келді» деп жала жабады. Сөйтіп 20 мың адамның арасынан Қайрат Сәтпаев-Желтоқсанға барып Савицкийді өлтіріпті-міс. Ақылға сыйымсыз нәрсе ғой. Бұл өтірік жала еді. Жала бола тұра оны өтірік қолдан жасады және екі досы оны растады. Бірақ ол уақытта олар үшеуі де бірге болатын.

Ол екі досы қазір «желтоқсан» деп кездесулер өткізіп, сұхбат беріп жүр. Олар да қазір батыр болып жүр. Біреуі қайта құдайдан қорқып, «Қайраттың өліміне мен кінәлімін, оны емес, мені ату жазасына кесу керек еді» деп ішіп кетіпті деп әпкесінен естідім. Ал Б деген досы қазір бір университетте деканның орынбасары болып отыр. Ондай желтоқсаншыдан не қайыр, не үміт. Бір рет сатқан адамнан ертеңгі күні жастар қандай тәлім-тәрбие алады. Ол жастарды да, елі, жері, Отанын да екінші рет сатпайтындығына кепіл бола аламыз ба?

Қазір осындай жалған желтоқсаншылар көп. 20 мың адам қатысты, сөз жоқ, олардың әрқайсысы желтоқсаншымын деп мақтан ете алады. Бірақ сол кезде желтоқсаншыларды қудалап жатқанда: «Мен де қатыстым, Қайратқа ғана ату жазасын бересің бе? Маған да ату жазасын бер, мені де сотта, сол алаңда мен де болдым» деп шығуы керек еді. Сол кезде біреу шықты ма сөйтіп?

Желтоқсан көтерілісі аяқталғаннан кейін менің өзімді бір милиционер жігіт танып қойып ұстады. Көтеріліс басталар күні бірінші қатарда Жоғарғы милиция мектебінің толықтай қаруланған 3 курс студенттері тұрған болатын. Бәрі осылай болып кетеді деп ойлаған жоқпыз ғой. Солармен сөйлесіп, танысып тұрған болатынбыз. Сол жердегі бір жігіт мені 87-нің қаңтар айында ұстады ғой. Мен оған: «Бауырым, мені апармай-ақ қой. Ол жақта ағам жатыр, біз қарапайым отбасынан шыққан адамбыз. Егер қазір сен мені алып барсаң, бұлар отбасымен осындай екен ғой деп маған да біраз жылды арқалатып жібереді. Сөйтіп сен менің әкем мен шешемді де өлтіресің. Үш адамның обалына қаласың» дедім. Ал ол болса, мен оны қараптан қарап тұрып өзін ұрғанымды айтып жібермейтіндігін жеткізді. Сонда мен оған: «Мен сені ұрмасам, сендер бізді ұрып жаттыңдар ғой. Кешірім сұраймын. Егер өшің кетіп бара жатса мені ұр, мен қарап тұрайын» дедім. Ол: «Қарап тұрған адамды ұра алмаймын» деді. Сонда мен: «Жүр онда екеуіміз барып жекпе-жекке төбелесейік. Мен жеңсем жібересің, сен жеңсең, сүйреп алып барып өткізіп жібер» дедім. Сонда ол күліп жіберді де, «жігіт екенсің!» деп қолымды алып, жіберді. Сол жігітке рахмет.

Біз алаңда жүргенде басшылық армандарыңды, мұң-мұқтаждарыңды Колбинге жеткіземіз, араларыңнан өкіл шығарыңдар деді. Сол кезде 4 адам шығардық және олар трибунаға шығып, өздерін таныстырып кетуін талап еттік. Кейін жоқ болып кетсе қайдан табамыз, кім деп іздейміз, анық-қанығын біліп алайық дедік. Сонда бірінші болып Ахметова деген әйел сөйледі. Ол әлі күнге дейін жоқ. Сол кісіні Мұхтар Шахановтың комиссиясынан да, бәрінен іздедім. Қателеспесем ҚазПИ-да сабақ беремін деді. Ол әйел: «Лениннің ұлттар жөніндегі саясатының өзінде әр облыстың бірінші басшысы жергілікті ұлт өкілі болуы тиіс. Ал бізде төрт облыста орыс отыр. Онымен қоймай енді Республикамызға да орысты алып келіп отыр. Сонда бізде ел басқаратын қазақ қалмады ма? Біз ұл тапқанда ұл таптық деп қуанып қалжа жедік қой. Сонда бізді басқаратын қазақтың жоқ болғаны ма, бұл өтірік нәрсе. Біз осы үшін қарсымыз!» деп айта бастағанда төртеуінің қол-аяғын бұрап, алып кетті. Біз жіберіңдер деп жармастық, олар жібермеді, төбелес ешқандайда арақ, нашасыз солай басталып кетті. Біздің сыртымыздан неше түрлі айыптар тағылды. Енді біреулер мені Қайраттың атын жамылып жүр деуі мүмкін. Ондай нәрселерді де естіп жатырмыз. Бірақ оның барлығы жалған. Мен өзім алаңға еркек болып, қазақы намысым болғандықтан шықтым. Шыққанымды әлі күнге дейін мақтан етемін.

Жазып алған: Айнұр Ракишева


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Алия Arsik
26 маусым 2013, 13:07
8572

Loading...

Пікірлер

Желтоқсанды әлі оқиға ғана деп жүр. Әлі дұрыс зерттелмей, біздің билек көршісінен әлі қорқып жүр. Не деген бишара едік құдай-ай
Біз бишара емес оданда зор құдайдың қарғысы атқан халық болдық.
Талғат Қайрат туралы сұқпатыңды оқыдым, ол расында өтірік айтпайтын адал жан. Егер есіңде болса мен Қайратпен бір сыныпта, С.Шәкіров мектеп-интернатында оқыдым, сондықтан оны жақсы білемін мектептің комсомол секретары болған. Суретті өте жақсы салатын жалпы жақсы оқыды, мектептің белсенділерінің бірі еді. Есентай, Гүлнар, Қайрат, сен, Ришад біздің мектепте оқыдыңдар ғой суретіңе қарап сені танымас еді мүлде басқа, өзгеріп кеткенсің. Шындығында сен айтқандай достарының оны сатып, көмек бермегендері өкінішті.Егер аман болғанында бір жерді тіреп тұратынына күмән жоқ еді. Ендігі жер де тек құдай алдынан жарылқасын, арты қайрлы болсын, алла иманын берсін деймін.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 33403
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15446
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16855
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12280
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12037
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8432
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7755
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2644
  • 70