Жерлесіміз Татьяна Аманжол еркін күрестен әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Kazsport agent 2013 M06 25
181
0
0
0

    Азия чемпионы Татьяна Аманжол 51 кг салмақ дәрежесінде ФИЛА әлемдік рейтингінде көш бастады. Бұған дейін оның алдында Канада спортшысы Джесика Макдональдс тұрған болатын, Сассариде (Италия)...

   

Азия чемпионы Татьяна Аманжол 51 кг салмақ дәрежесінде ФИЛА әлемдік рейтингінде көш бастады. Бұған дейін оның алдында Канада спортшысы Джесика Макдональдс тұрған болатын, Сассариде (Италия) өткен Голден Гран-Придегі жеңісінен кейін Татьяна оның алдын орады, деп жазады Sports.kz ҚР КФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдік рейтингте әлем және Азия чемпионаттары сынды ресми біріншіліктермен қатар, Гран-при сериясындағы жарыстар да ескеріледі.

51 кг салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікті жапон спортшысы Юи Мияхара бекітті. Тағы бір жағымды жаңалық: 51 кг салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингтің төртінші орнына біздің тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко орналасты. Ол бұл көрсеткіште Германияда өткен Голден Гран-придегі жеңісінен кейін қол жеткізді.


 

Оцените пост

0
Дальше