Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:41, 25 июня 2013

Әлем чемпионатының жолдамалары Бурабайда сарапқа салынды

Blog post image

 

Бурабайда триатлоннан Азия Кубогының кезекті кезеңіөтті. Байрақты бәсекеде алыс-жақын шет елден келген тоғыз команда өзара сынға түсті. Топ жарғандарқыркүйек айында осы спорт түрінен өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Триатлонға қатысушылар жас ерекшелігі бойынша бөлінді. Еңалдымен жасөспірімдер жарыс жолына шықты. Олар жүзуден 400 метр, велосипедпен 10 шақырым, ал жүгіруден 2,5 шақырымдыққашықтықта сынға түсті. Бұл топтың құрамында 30 спортшы бар.

Юрий Соловьев, триатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

—                Бұл жарыста біздің құраманың сапы жас спортшылармен толықты. Бар үмітіміз соларда. Жалпы, дайындықтары да айтарлықтай жақсы деп ойлаймын. Күтетініміз тек жеңіс қана.

Бапкердің үмітін 16 жасар Оксана Грот ақтады. Ол элита тобында алғаш рет сынға түсіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал бірінші орын украиналық Инна Рыжихқа бұйырды.

Ересектер арасында ресейлік Владимир Турбоевскийдің мерейіүстем болды. Жүзуден 750 метрді, веложарыстан 20, жүгіруден бес шақырымдық қашықтықта ешкімге дес бермеген ол Әлем чемпионатына жолдама алды. Айта кетейік, осы айдың аяғында аталған спорт түрінен чемпионат Көкшетауда жалғасын таппақ.


 
0
117
0