Қаржы полициясы прокуратура қызметкеріне пара беруге әрекет жасаған шенеунік пен кәсіпкерлерді қылмыстық жауапқа тартуда

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Атырау қалалық тұрғын комиссиясының инспекторы А.Байқұтовқа және бірнеше мердігерлік кәсіпорындардың басшыларына қатысты ірі көлемде пара беру...

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Атырау қалалық тұрғын комиссиясының инспекторы А.Байқұтовқа және бірнеше мердігерлік кәсіпорындардың басшыларына қатысты ірі көлемде пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

2011-2012 жылдар аралығында тұрғын үй-коммнуналдық шаруашылықты модернизациялауға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын тексеру нәтижесінде Атырау қаласының прокуратурасы қалалық тұрғын комиссиясы мен бірнеше мердігер ұйымдардың тарапынан орын алған құрылыс материалдарының сметалық құжаттамаға сәйкес келмеуі сипатындағы бұзушылықтарды анықтады.

Осыдан кейін Атырау қалалық тұрғын комиссиясының инспекторы Байқұтов тергеуге дейінгі тексерісті өз пайдасына және «ЕвроАзияКұрылыс», «ӨмірСерікҚұрылыс», «КаспийЛифт» және «Верцхли» кәсіпорындарының пайдасына шешу үшін Атырау қаласы прокурорының көмекшісіне бірнеше рет пара ұсынған.

2013 жылғы 17 маусымда жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында Атырау облысы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Атырау қаласы прокурорының көмекшісіне 2 млн.теңге пара беру үстінде қалалық прокуратура ғимаратында Байқұтовты ұстады.

Ағымдағы жылғы 18 маусымда Байқұтовқа қатысты ірі көлемде пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 маусымда «ЕвроАзияКурылыс» ЖШС директоры  Хайруллинге, «ӨмірСерікҚұрылыс» ЖШС директоры Сарсешовке, «КаспийЛифт» ЖШС директоры Мұратбаевқа және «Верцхли» ЖШС директоры Эпиташвилиге қатысты алдын ала сөз байласып адамдар тобы болып пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байлансыты жарияланбайды.

Оцените пост

0
Дальше