место в рейтинге
  • 749255
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бір күнде екі алтын!

 

Кеше Азия чемпионы атанып, алтын тұғырға көтерілдім. Әрине, қуанышымда шек жоқ. Бірақ мен бұл нәиижемен тоқталып қалмаймын. Алда – әлем чемпионаты. 2013 жылы Польшада, 2014 жылы Астанадағы жарыстарда жүлде алсам деймін. Одан кейін Рио-де-Жанейро Олимпиадасы жайында сөз қозғауға болады.

Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күні Қазақстанның Әнұраны екі мәрте шырқалды. Алғашқы алтынды Анна Нұрмұхамбетова олжалады. 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол барлық қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Бұл чемпионатты тамашалау үшін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аян мен Азиялық қауымдастықтыңбасшысы Мохаммед Йосеф Аль-Мана Астанаға арнайы ат терлетіп келген екен.

Жергілікті БАҚ өкілдерімен кездескен мәртебелі меймандар чемпионаттыңдеңгейіне аса жоғары баға берді:

– Сарықұрлықтың басты додасының жалауы Қазақстанда бұған дейін екі мәрте желбіреген болатын. Олардың барлығы да аса жоғары бағаға ие болды. Ал Астанадағы жарыс тіптен керемет өтіп жатыр. Осы орайда мемлекетті басқарып отырған азаматтардың спортқа, оның ішінде ауыр атлетикаға деген ерекше қамқорлығы байқалады.

Президенттен бастап, осы саланың басы-қасында жүрген мамандар, «ҚазМұнайГаз» сынды бірқатар алпауыт компаниялар сіздердіқолдайтынын жақсы білемін. Осындай қамқорлықтың арқасында Қазақстан спорты бүгінгі таңда өрлеу кезеңін басынан кешіруде.

Оған дәлел – Лондон Олимпиадасындағы орасан зор табыстарыңыз. Әсіресе, ауыр атлеттердің даңқы дүркіреп тұр. Осы жеңісті жол ертеңгі күні де жалғастыны анық. Енді 2014 жылы Астана әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл жарыстың да деңгейі аса жоғары болатынына еш күмәнім жоқ, – дейдіАян мырза.

Әлемдік ауыр атлетиканың тізгінін ұстаған азаматтардың алдында біздің қыз жасындай жарқырады. Шыны керек, әу баста Анна Нұрмұхамбетованыңалтын алатынына аса сеніңкіремеген едік. Өйткені, Ким Ун Жудың қарқыны тым күшті.

Оның өте қарымды спортшы екенін бұрыннан білеміз. Солтүстік Кореяның өкілі бірден жұлқып көтеруде 113 келі, серпе көтеруде 152 келіге тапсырыс берді. Сол сәтте «Ким бұл жарыста шашасына шаң жұқтыра қоймас» деген ой келді.

Бірақ бұл жорамал жоққа шықты. Ол алғашқы сынақтан өте алмады. Өзінің үш бірдей мүмкіндігін тиімді пайдалана алмаған солтүстікореялық зілтемірші Азия біріншілігін мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Ал Анна болса, жергілікті жанкүйерлердің көңілін кәдімгідей серпілтіп тастады. Жұлқып көтеру жаттығуы бойынша ол алғашында 110 келіні еңсерсе, іле-шала тағы төрт келі салмақ қосты.

Зіл батпан темірді көтеру барысында Нұрмұхамбетова қолын жарақаттап алғанына қарамастан діттеген мақсатына қол жеткізді. Серпе көтеруде де Анна алдына жан салмады.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша 249 (114+135) келіні тік көтергенқандасымыз Азия чемпионы атанды.

Күміс және қола медальді тайпейлік Яа Чжен Ванг пен қытайлық Тингтинг Лин иеленсе, Қазақстанның тағы бір өкілі Анастасия Швабауэр бесінші орынға табан тіреді.

Тағы бір айта кетерлігі, сол күні Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлемніңекі дүркін чемпионы Светлана Подобедова «Сарыарқа» спорт кешеніне арнайы келіп, өзінің командалық әріптесі Анна Нұрмұхамбетоваға қолдау көрсетті.

– Мен бірталай ірі халықаралық жарыстарда бақ сынадым. 2011 жылы жастар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанғанда қаттықуандым. Бұл – менің үлкен аренадағы тырнақалды жеңісім еді. 2012 жылы Олимпиада ойындарында бақ сынау құрметіне бөлендім. Лондонда өзімненәлдеқайда тәжірибелі спортшылармен иық тіресіп, нәтижесінде бесінші орынға табан тіредім. Ол да бір ұмытылмас күндер.

Ал бүгін Азия чемпионы атанып, алтын тұғырға көтерілдім. Әрине,қуанышымда шек жоқ. Бірақ мен бұл нәиижемен тоқталып қалмаймын. Алда – әлем чемпионаты. 2013 жылы Польшада, 2014 жылы Астанадағы жарыстарда жүлде алсам деймін. Ал одан кейін Рио-де-Жанейрода алауы тұтантын Олимпиада ойындары жайында сөз қозғауға болады, – деп Анна Нұрмұхамбетова ағынан жарылды.

Кешкі бағдарламада 94 келі салмақ дәрежесіндегі сайыпқырандар өнер көрсетті. Мамандар негізі бәсекелестік қытайлық Шенгуоо Жанг, ирандық Яссин Багери және қазақстандық Александр Зайчиковтың арасында өтетінін алдын-ала айтты.

Қырағы бапкерлер қаталеспеген екен. Алғашқы жаттығуда айтулы зілтеміршілерөзгелерден қара үзіп кетті. Десек те басты бәсекелестеріне қарағанда Зайчиковтың көрсеткіші әлдеқайда жоғары болды.

Ол 175 келі салмақты аспанға атты. Қытай спортшысы одан 7 келі кем көтерсе, Иран атлеті 161 келіге келіп тоқтады.

Серпе көтеруде Багеридің мықты екенін білеміз. Бірақ бұл кеште Александрды тоқтату мүмкін болмады. Багери де, басқалары да біздің жігіттің мықтылғын мойындады.

Отандасымыз 210 келілік межеге жетіп, бас жүлдені олжаласа, Жанг пен Багерри Зайчиковтан әжептеуір қалып қойды.

Сөйтіп, бір күнде екі алтын алған Қазақстан құрамасы жарыс кестесіндегі жағдайын едәуір жақсартты. Алда тағы бір сайыс күні бар.

Енді біз аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынайтын жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионы Ибрагим Берсанов пен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері Александра Аборневаның тілеуін тілейміз.


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
25 июня 2013, 9:57
177

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 10825
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3448
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 3280
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2377
  • 23
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 2061
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1923
  • 34
Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Ханская ставка Жангир-хана в селе Хан Ордасы Бокейординского района Западно-Казахстанской области - это одно из самых интересных исторических мест Казахстана.
theYakov
26 июля 2017 / 5:34
  • 1497
  • 4
Королева пепла. Рекап 2 серии 7 сезона сериала «Игра престолов»

Королева пепла. Рекап 2 серии 7 сезона сериала «Игра престолов»

Всем привет! Продолжаем традиционную серию рекапов, посвящённых, пожалуй, главному сериалу современности - "Игре престолов". Спойлеры обязательны, иначе и быть не может!
Seattle
25 июля 2017 / 16:15
  • 1496
  • 22