«Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері жауынгерлерінің жарысы басталды

МО РК 2013 M06 24
271
0
0
0

Бүгін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері жауынгерлерінің жыл сайын өткізілетін кәсіби сынақтары басталды. Оған  400-ден астам әртүрлі мамандықтағы әскери ...

Бүгін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері жауынгерлерінің жыл сайын өткізілетін кәсіби сынақтары басталды. Оған  400-ден астам әртүрлі мамандықтағы әскери қызметшілер: мотоатқыштар, танкистер,  десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллеристер, мергендер, гранатометшілер қатысуда.

 

Сынақ тапсыру барысында жарысқа қатысушылар өз взводының,  бригадасының, өңірлік қолбасшылығының жеңіске жетуі үшін қолдарынан келгенше жақсы қырларын көрсетуге тырысып бағады.

Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері алты күн бойы барлық штаттық қару-жарақтан атудан өз қабілеттерін сынайды, ал взвод командирлері жағдайдың тез өзгеруіне байланысты бөлімшелерде атысты басқаруға дағдыланады.

Дене тәрбиесінен әскери нормативтер бойынша сынақ тапсыруға айырықша назар аударылады. Біл темірден тартылу, кір тасын көтеру сияқты кешенді жаттығуларды орындап болған соң бөлімше толық киім-кешекпен, қару-жарақпен 5 шақырымдық марш жасайды.

Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу қызметінде мұндай шара Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша 2011 жылдан жаңа жауынгерлік әзірлік бағдарламасын қабылдағаннан бастап қолданылып келеді. Соның нәтижесінде жыл сайын барлық мамандықтар бойынша жауынгерлердің кәсібилігі жетілдірілуде. Сайыс өңірлік қолбасшылықтардағы, әскер түрлері мен тектеріндегі, бөлімдердегі жауынгерлік әзірліктің нақты көрінісін айқындап бермек.

Жарыс аяқталысымен комиссия бүгінгі таңда кімнің әскери ғылымды терең меңгергендігін, және ауыспалы кубокке кімнің ие болатындығын анықтап береді. Ерекше көзге түскен бөлімшелер мен жауынгерлер Бас қолбасшының қолынан грамоталар мен сый-сыяпаттар алу құрметіне ие болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше