Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:42, 23 июня 2013

БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан өткен алғашқы турнир аяқталды

Blog post image

Журналистер күніне орай БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан өткен алғашқы турнир аяқталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Әйелдер арасында өткен турнирге 2 команда қатысты. Олар — жарысты ұйымдастырған «Қазконтент» АҚ акционерлік қоғамының құрамасы мен «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің командасы. Кубок турнир чемпионы – «Қазконтент» АҚ құрамасына бұйырды. Олар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші орынды сәйкесінше «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің командасы иеленді.

 

Blog post image


 
0
165
0