Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
15:21, 22 июня 2013

Түсініксіз оқиға 1

Бүгін мен өзімнің досымның әжесінің басынан өткен оқиғаны естідім. Қайран қалдым. Соны енді осы жерге өз блогымда жазайын деп шештім.

Досым өзінің "Қасқыр" әулиетінен тарағаның бүгін білді. Мен де, досым да сенбедік. Қандай қасқыр? Мүмкін тышқан шығар деп келемеждеп отырғанбыз. Бір кезде әжесі айтты "мен сендерге болған оқиғаны айтып берейін".

Сол әженің негізінде 3 баласы бар. Әженің әнгімесі:

Менің шын мәніне келетін болсақ 4 балам бар.

Біз: 4-ші балаңыз қай жақта?

Әже: Асықпай тыныш тыңдандар.

Мен алғашқы баламды 4 жасында кәдімгі есік алдағы құмға отырғызып қойғанмын. Сыртынан қарап отырамын. Күніге солай болатын. Бір күні балам ойнап жатқан, мен үйге шәй қойып, тамақ ысытуға кірдім. Көп емес 5-10 минуттай уақыт өтті. Сыртқа шықсам балам жоқ. Ары іздедім, бері іздедім. Бірақ, таба алмадым. Ол кезде біздің ауылға жиі қасқыр шабатын. Содан кейін қасқыр оны істеген деп содан көрдім. Басқаша мүмкін емес. Орнында отқан бала жоғалмайды ғой. Бір күні үйге ауылдағы көріпкел әйел бар еді, сол келді. Шәй беріп отырған кезде, маған жаман көзбен қарады. Сосын айтты сенің әулиетің қасқыр, бірақ қасқыр саған жаман көзбен қарап қалды. Мен сұрадым не үшін? Бақсы айтты себебі сен өз балаңның жоғалғаның қасқырға жауып жібердің. Ал негізінде оны қасқыр емес істеген. Егер маған сенбесең бір жарым жылдан соң дүниеге тағы да бір балаң келеді, соны қасқырдың үңгіріне апарып жатқызып қойып кетіп қал. Аңды, егер қасқыр сенің балаңды жесе демек сенің бірінші балаңды да сол жеген, ал егер жемесе демек оны істеген қасқыр емес деген сөз деді. Дәл солай болды. бір жарым жылдан соң өмірге екінші балам келді. Бірақ, қай ана өз баласың қасқырдың үңгірінің алдына тастайды? Көршімнің баласың (8 айлық) апарып тастадым. Сосың сыртынан аңдып тұрдым. Біраз уақыттан соң қасқыр шықты. Баланы иіскелеп тұрды. Содан соң мен жаққа қарады. Мен алыс жерде тұрғанмын. Сол қараған көздерімен "көршіңнің баласын әкеліп ұялмайсың ба, мен сенің әулиетінмін және мен емес сенің баланды ұрлап әкеткен" дегендей болып тұрды. Ішке қайтадан кіріп кетті. Ертесіне өз баламды (2 айлық) апарып үңгірдін алдына қойып алыстан қарап тұрдым. Қасқыр қайтадан шықты. Бұл жолы иіскеген жоқ, бірден балаға жабысып, киімінен көтеріп алды. Мен ішімнен бекер әкелдім деп жылаудын аз ақ алдында тұрдым. Бірақ, қасқыр баламмен бірге үңгіріне кірген жоқ, керісінше маған қарай жақындап келе жатты. Қорықтым. Бір 10 қадамдай жерге келген кезде қасқыр баламды жерге қойып маған қарады. Сол қарағанымен "қанша рет айтам мен емес ұрлап әкеткен" дегендей болды. Содан соң жүгіріп үңгіріне кіріп кетті. Содан бері мен әулиетімнің қасқыр екенің білдім.

Осымен әже аяқтады.

Досым екеуміз аң-таңбыз. Шың ба? Өтірік па?

Бір Алла біледі...

0
749
0