место в рейтинге
  • 748417
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Біреу алтынды көздейді, біреу кубокты көксейді

 

Қазақстанда бірде-бір клуб үш «майданда» бірдей жоғары жетістікке қол жеткізуге дайын емес. Сондықтан бірін алсаң, бірін жоғалтуға мәжбүрсің. Дәл қазір қолда бар күшті дұрыс қолданып, өз командаңның шама-шарқын дұрыс бағамдай білуің керек.

Осы аптаның ортасында футболдан Қазақстан чемпионатының ширек финалдық ойындары өтті. Төрт команда жартылай финалға шығып, төртеуі ел кубогы додасынан шығып қалды. Бірақ солардың арасында жеңілгендеріне өкінбейтіндер де бар сияқты…

Осыдан бірер күн бұрын елордада, ел чемпионатының 15-туры аясында «Астана» және «Шахтер клубтары кездескен болатын. Сол ойында 1:0 есебімен астаналықтар жеңіске жетті. Бес күннен кейін екеуі тура сол «Астана-Арена» стадионында қайта кездесті. Бұл жолы 2:1 еспебімен кеншілер басым түсті.

«Астана» бұл ойында жасыл алаңға негізінен қосалқы құрамдағы ойыншылары мен дарынды жастарын шығарды. Ойыннан кейін «Астана» клубының бас бапкері Мирослав Беранек:

– Біз биыл «майданда» сынға түсуіміз керек. Олар – ел чемпионаты, Еурокубок және кубок додасы. Бұған белді ойыншыларымыздың көбісіұлттық құрама сапында ойнайтындығын, сондай-ақ төрт жігітіміздіңжастар құрамасы сапында өнер көрсететіндігін қосыңыз. Сонда төрт «майданда» додаға түсуіміз керек екен. Басты мақсатымыз – чемпиондыққақол созып, Еурокубок додасында мейілінше «алысқа шабу». Ел кубогы додасы – осылардан кейінгісі. Сондықтан бүгін жастарға мүмкіндік бердім. Оларды да ойнатып, шыңдай беруіміз керек қой, – деп ақтарылды.

Сол кезде «Шахтер» клубының бас бапкері Виктор Кумыков:

– Қазақстанда бірде-бір клуб үш «майданда» бірдей жоғары жетістікке қол жеткізуге дайын емес. Сондықтан бірін алсаң, бірін жоғалтуға мәжбүрсің.Қашан бізде бір-біріне тең екі құрам болады, сонда ғана барлық додаларда алаңсыз ойнай беруге болады. Дәл қазір қолда бар күшті дұрыс қолданып, өз командаңның шама-шарқын дұрыс бағамдай білуің керек, – деп толықтыра түсті өз әріптесін.

Қос бапкердің сөздеріне қарағанда, биыл «Астана» чемпион атануды, ал «Шахтер» ел кубогын иеленуді көздеп отырғандай. Бірақ басқа командалар оларға алтын мен кубокты беріп қойып қарап отырсын ба? Әне «Ақтөбе» мен «Қайрат» құрамдарын мейлінше күшейтіп, олар да өз көздегендеріне жетуді мақсат тұтып отырғандай.

Сонымен, «Астана» – «Шахтер» жұбында кеншіле клубы жеңіске жетті. Бірқызығы, ел кубогының былтырғы додасында аталған екі команда жартылай финалда кездесіп, «Астана» 1:2 және 2:0 есептерімен «Шахтерді» жолынан тайдырған еді. Биыл «Шахтер» есе қайтарып отыр.

«Ақтөбе» – «Ордабасы» арасындағы ширек финалдық ойын шектен тыс шиеленісті болды. Ойын басталған бетте «Ордабасы» гол соққанымен, екінші таймда алаң иелері таразы басын теңестірді. Осылай негізгі уақыт аяқталып, жеңімпазды анықту үшін қосымша екі қысқа тайм қосылды. Экстратаймдарға «Ордабасы» клубының күш-жігері жетпей қалғандай. «Ақтөбенің» тіс қаққан тәжірибелі ойыншылары екі гол соғып, стадионға жиналған 10 мың көрермендіқуанышқа бөледі.

Жалпы, бұл ойын өте тартысты өтті. Төреші футболшыларға сегіз рет ескерту жасап, 114 минутта Өзбекстан құрамасының ойыншысы А.Гейнрихті алаңнан дақуды. Айтпақшы, Т.Кападзе мен А.Гейнрих Өзбекстан құрамасының сапынан осы ойын басталар кезде ғана келіп, «Ақтөбенің» жартылай финалға шығуына өзүлестерін қосты.

«Ертіс» өз алаңында «Тобылды» тірсектен қағып, жолынан тайдырды. Бұл ойында тағы да 21 жастағы Қуаныш Бегалин көзге түсіп, гол соқты. Қосалқықұрамдар сұрмергені осымен екінші рет қатарынан гол соғып отыр. Осыдан бес күн бұрын Бегалин ел чемпионаты аясындағы кездесуде «Ақжайықтыңқақпасының торын тулатқан. Енді «Тобылды» кубоктан тыс қалдырды.

«Тараз» өз алаңында жағдайы болмай, күйі келмей жүрген «Ақжайықты» ойсырата ұтты. Бұл – «Тараздың» көптен бері қол жеткізіп отырған жеңісі. Арно Пайперстің «Тараз» тізгінін ұстағалы алғашқы жеңісі. Пайперс енді жазғы трансфер кезеңінде құрамын біраз екшеп алғысы келетін көрінеді. Әзірше өзіне бұрыннан таныс Илья Воротников, Сергей Скорых және Александр Кучма үшеуінөз командасына қосқандай.

Енді ел кубогы додасында сонау қоңыр күзге дейін – үзіліс. Жартылай финалдықойындар мен финалдық кездесу мына күндерге белгілеген:

Жартылай финал, бірінші ойындар – 25-26 қыркүйек;

Жартылай финал, қарымта кездесулер: 30 қазан;

Финал – 10 қараша.

 

Ширек финалдық ойындардың нәтижесі:

«Ақтөбе» – «Ордабасы» – 3:1 қос.уақ. (0:1, 1:0, 2:0)

Голдар: Левин, 1 (0:1). Гридин, 48 (1:1). Кападзе, 95 (2:1). Хайруллин, 117 (3:1).
Гейнрих («А») 114-минутта алаңнан қуылды.

«Ертіс» – «Тобыл» – 2:1

Голдар: Бугаев, 50 (0:1). Шабалин, 62 (1:1). Бегалин, 72 (2:1).

«Тараз» – «Ақжайық» – 3:0

Голы: Шафф, 11. Муминов, 30. Шафф, 81.
Саджо («А») 68-минутта пенальти соға алмады.

Астана – Шахтер – 1:2 (0:1)

Голдар: Зенькович, 12-пенальтиден (0:1). Ивановски, 67 (1:1). Тәжімбетов, 85 (1:2).


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
21 июня 2013, 10:06
197

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 5245
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3880
  • 58
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3050
  • 12
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
  • 3267
  • 88
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2908
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2405
  • 20
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 1947
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1928
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1950
  • 41