Cедов пен Подобедованың үйлену тойы белгіленді

Kazsport agent 2013 M06 19
199
0
0
0

  Әлемнің ең мықты штангашы аруы мен ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың некелесу рәсімі 7 шілде күні Талдықорған қаласында өтеді. Светаның тұрмыс құратыны былтыр белгілі...

 

Әлемнің ең мықты штангашы аруы мен ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың некелесу рәсімі 7 шілде күні Талдықорған қаласында өтеді. Светаның тұрмыс құратыны былтыр белгілі болғанымен, некелерін нақты қашан қиятындарын айтпаған еді.

Ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова тұрмысқа шықпақшы. Сүйінші хабарды таратқан vesti.kz спортшы қыздың той күні де белгіленіп қойғанын алға тартты.

Әлемнің ең мықты штангашы аруы мен ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың некелесу рәсімі 7 шілде күні Талдықорған қаласында өтеді. Светаның тұрмыс құратыны былтыр белгілі болғанымен, некелерін нақты қашан қиятындарын айтпаған еді.

«Тойға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Салтанатты рәсімімізге тек  жақын жандарды ғана шақырмақшымыз. Бөтен ешкім болмайды» дейді Светлана.

Седов 2009 жылы 94 келіге  дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатын ұтқан болатын. Алайда, Лондон олимпиадасының жолдамасы бұйырмады. Подобедова (75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) екі рет әлем чемпионы атанып, Лондонда алтыннан алқа тақты.


 

Оцените пост

0
Дальше