Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары атыс емтихандарын тапсырды

МО РК June 19, 2013
368
0
0
0

Құрлық әскерлері Әскери институтының 3 курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату шараларын өткізуде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Оқу атыстары Алматы маңындағы институттың...

Құрлық әскерлері Әскери институтының 3 курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату шараларын өткізуде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Оқу атыстары Алматы маңындағы институттың полигонында жүзеге асырылды. Осылайша болашақ танк мамандары негізгі әскери пән бойынша сынақ тапсырды.

Атыс дайындығы Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының дала төсінде кәсібилігін арттыратын негізгі пәндерінің құрамдас бөлігі болып саналады. Мұнда болашақ офицерлер ату шеберлігіне машықтанады әрі алыстан жылдам көздеуді үйренеді.

Атыс сабақтары кезінде курсанттардың теориялық түрде алған білімдері тәжірибе жүзіне ұштасып, олардың жауынгерлік дағдыларын арттырады. Жоғары атыс шеберлігі курсанттардың кәсіби даярлығы мен бөлімшелердің жауынгерлік жаттығулары кезінде жетілдіріле түседі.

Штаттық оқ ату барысында болашақ офицерлер мол тәжірибе жинақтап, жеке қару-жарақтан атудың әдіс-тәсілдерін, атысты дұрыс басқаруды ұйымдастыруды үйренді. Сонымен бірге атысты өткізу курсанттар үшін өзіндік психологиялық кемелдену емтиханы болды.

Курсанттардың танктен штаттық артиллериялық оқ ату шараларын өткізуі курcанттардың алған теориялық білімінің  сапасын, сонымен бірге жеке құрамның оқу бітіру емтихандарын тапсыруының жалпы деңгейін тексеруге мүмкіндік берді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0