Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:48, 19 июня 2013

Қазақстан Қорғаныс министрі АҚШ елшісімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кеннет Фейрфакспен кездесті.

 

Blog post image

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы бесжылдық әскери ынтымақтастық Жоспары шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады.

 

– Біздің екі ел басшыларының тығыз өзара қарым-қатынастарының арқасында Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығы сындарлы әрі өзара тиімді дамуда,-деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.

 

Кеннет Фейрфакс Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін жоғары бағалады және әскери ынтымақтастық жөніндегі екі жақты жоспардың іске асырылуы үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді. Елші Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысуда белсенділік танытып отырғандығын атап өтті.

 

– Бүгін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге тек Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, бүкіл аймақта тұрақтылықты сақтауға бірдей көңіл аудару қажет,-деді Әділбек Жақсыбеков.

 

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар халықаралық «Дала қыраны» бітімгерлік жаттығуы жыл сайын жетелдіріліп отырғандығын және алдағы жаттығу жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдерін білдірді.

 

«Дала қыраны» бітімгерлік жаттығуы Қазақстан мен НАТО арасындағы «Бейбітшілік үшін серіктестік» шеңберінде өткізіледі және серіктестік іс-әрекеттерінің жеке Жоспарын жүзеге асыруға және халықаралық күштердің бітімгерлік қимылдарын орындау барысындағы жедел іс-әрекетін арттыруға бағытталған. Биылғы жылы жаттығу 10-23 тамыз аралығында «Іле» оқу базасы полигонында қазақстандық, америкалық, британдық, итальяндық, германиялық, литвалық, швейцариялық, қырғызстандық, украиналық және тәжікстандық әскери қызметшілердің қатысуымен өтеді.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
156
0