Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:12, 18 июня 2013

Атырау гарнизонында Елбасы Жолдауы іске асырылуда

Бүгін Қорғаныс министрлігінде құрылған кешенді ақпарат насихат тобы Атырау қаласында жұмысын жалғастырды.

   

Қырық төрт адамнан тұратын насихатшылар Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің, ардагерлер ұйымдарының, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен кездесіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті.

   

Облыс әкімімен кездескен топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Қарулы Күштерде атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндай келе армия мен қоғамның өзара іс-қимылын, жергілікті билік органдарының оған қосқан қомақты үлесін атап өтті.

   

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру қажеттігін терең түсінетіндіктерін білдіріп, отансүйгіштік рухтағы ойларын жеткізді.

   

Ал топ құрамындағы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамлінің өнерін атыраулық өнер сүйер қауым жоғары бағалады. Жұртшылықтың ұзақ қол соғып құрмет көрсетуі бұл сөзіміздің дәлелі десе болады.

   

Кешенді ақпарат насихат тобы өз жұмысын ертең Ақтаудағы әскери гарнизондарда жалғастыратын болады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
290
0