Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:21, 17 июня 2013

Әлияның турнирі аяқталды

Blog post image

 

Шымкентте көркем гимнастикадан Әлия Юсупованың жүлдесіүшін 4-і халықаралық турнир аяқталды. Биыл турнирге 8 елден спортшылар қатысып, тұғырдың биік сатысынан негізінен Ресей гимнасшылары көрінді, деп жазады alasharena.kz спорт сайты.

Көпсайыс қорытындысы бойынша ресейлік Елизавета Назаренковаға теңкелер ешкім болған жоқ. Тіпті, Назаренкова Ресейдегі ең айтулы гимнасшылардың бірі Александра Меркулованың өзін артта қалдырып, Юсупова турнирінде топ жарды. Күміс Меркуловаға берілсе, қола жүлдені Азия чемпионы, өзбекстандық Жәмила Рахматова иеленді.

Қазақстан тарапынан Сабина Әшірбаева мен Медина Нұрғали жекелеген сындарда екінші орынға ие болды. Үшінші сатыда павлодарлық Айдана Сарыбай.

Меркулова, Рахматова, Назаренкова сынды тәжірибелі гимнасшылардыңқатысуы – Әлия атындағы турнирдің қарқын алып келе жатқанын көрсетсе керек. Енді бұл бәсекеде қазақ қыздары да қарсыластарын мойындатады деп сенеміз.


 
0
245
0