Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:21, 17 июня 2013

Алғашқы асудан алқынбай өттік

Blog post image

 

Сонымен, бірінші белестен, алғашқы асудан алқынбай өттік. Ал қыркүйектегі ақтық сында біздің құрамаға қиын болады. Төрт жолдаманың біріне қол жеткізу үшін Азияның маңдайалды үздіктерін ұту керек.

Павлодарда волейболдан ерлер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының електік додасы өтіп, Азияның аймақтық іріктеу сынындағы бірінші топта Қазақстан жігіттері үздік шықты.

Орталық Азия аймағының бірінші тобында үш елдің волейболшы жігіттері бақсынаған. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан құрамалары Азияның ақтық сынында бақ сынауға құқық беретін жалғыз жолдамаға таласқан.

Жұма күні Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан волейболшыларын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал сенбіде Өзбекстан құрамасы Ауғанстан жігіттерінен дәл осындай есеппен басым түсті. Жексенбі күні Қазақстан құрамасы Ауғанстанәуедопшыларына үстемдік танытты.

Павлодардағы бірінші ойында біздің жігіттер аса қиналмай, 65 минуттың ішінде жеңіске жетті. Өзбек волейболшылары тек бірінші сетте лайықты деңгейдеқарсылық көрсете алды. Ал Ауғанстан волейболшыларын ұту еш қиындықтуғызған жоқ деуге болады. Бұл ойын 64 минутқа ғана созылды.

Ал Азияның ақтық сыны 3-12 қыркүйек аралығында өтеді. Онда сары құрлықтың16 үздік құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының төрт жолдамаға таласады.

Сонымен, бірінші белестен, алғашқы асудан алқынбай өттік. Ал қыркүйектегі ақтық сында біздің құрамаға қиын болады. Төрт жолдаманың біріне қол жеткізуүшін Азияның маңдайалды үздіктерін ұту керек.

Иран, Австралия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа елдердіңқұрамалары Өзбекстан мен Ауғанстандай «қалпақпен ұрып алар» қарсыластар емес.

Ендеше, бас бапкер Геннадий Паршинге ойлану керек, дайындалу керек, тазы болып шалудың амалдарын қарастыру керек…

Ойындар нәтижесі:

Қазақстан – Өзбекстан – 3:0 (25:21, 25:15, 25:18)

Өзбекстан – Ауғанстан – 3:0 (25:17, 25:19, 25:22)

Қазақстан – Ауғанстан – 3:0 (25:21, 25:21, 25:11)

Турнир кестесі:

о          ж         ұ          с/а      д/а                 ұп

Қазақстан                2          2          0         6-0      150-107          6

Өзбекстан                2          1          1          3-3      129-133          3

Ауғанстан                2          0         2          0-6      111-150           0

Ескету: о – ойын, ж – жеңіс, ұұтылыс, с/а – сет айырмасы, д/а – доп айырмасы, ұп – ұпай.


 
0
306
0