Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:07, 17 июня 2013

ҮШІНШІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ: ЕУРОПАДАН КӨП КЕЙІН ҚАЛУҒА БОЛМАЙДЫ

«Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес, еліміз «жасыл» дамуға басымдық береді. Ал Қазақстанның таяу болашақтағы алға қойған міндеттеріне сәйкес, ЖІӨ-нің энергия тұтыну көлемі 2030 жылдары 30 пайызға, 2050 жылдары 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұдан бөлек, Қазақстанда балама және жаңартылған қуат көздері арқылы энергия өндіру көлемі жалпы өндірілген энергия көлемінде 2030 жылы 30 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға тең болады. Бұндай ауқымды міндеттерді шешу үшін ұлттық заңнамалық тетіктің қажеттігі айқын. Осыған орай, жалпы отырысында Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/06/3125-82/

0
784
0