Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:25, 17 июня 2013

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержановтың сұхбаты

Blog post image

14 Маусым 2013

Шекараның қандай қатысушыларына баса назар аударылады және басқа қызметтермен, оның ішінде шетелдік қызметтермен жедел ақпарат алмасыла ма?

Шекараның бір бөлігіне барлық назарымызды аударамыз да, кедендік шекараның екінші бөлігі қараусыз қалады деп айту қате.Күштерді дұрыс орналастыру, өзіміздің қолымызда бар және басқа да құқыққорғау органдарынан алынатын оперативті мәліметтер шекараның кез-келген жеріндегі тәуекел факторларын анықтауға мүмкіндік береді.

Сөз жоқ, бұл саладағы құқық бұзушылықпен күресті жалғыз іске асыру мүмкін емес, сондықтан да мұнда бірлескен жұмыстар жүргізіліп тұрады. Бүгінгі күні шекараның Қазақстан-Қытай және Қырғыз телімдері сыбайластық жемқорлық және қылмыстық бағыттар бойынша қауіпті болуда, сондықтан онда ведомствоаралық оперативті топтар құрылған, олардың құрамына кеденшілерден басқа Бас прокуратураның, ҰҚК, ІІМ және қаржы полициясының қызметкерлері енген. Олардың міндеті - «сұр» көлік-логистикалық компанияларды құқық алаңына шығару, кедендік процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету. Қызметтердің мұндай өзара әрекеттестігі жоғары тиімділікті көрсетіп отыр және одан әрі де Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Кедендік Одақ бойынша біздің серіктестеріміздің күш-қуат құрылымдарымен бірлескен шаралар іске асырыла беретін болады.

Кеденшілер анықтайтын есірткінің үлкен партиялары кездейсоқ оқиғалар ма әлде жоспарлы жұмыстың нәтижесі ме?

Бүкіл әлемде есірткі трафигінің жағрапиялық орналасуы көлік инфрақұрылымына байланысты, себебі ол есірткіні есірткі курьерлеріне жеткізу мерзімін анағұрлым қысқартады. Сондықтан Кедендік Одақтың сыртқы шекарасының есірткілік заттардың контрбандасы болуы мүмкін өткізу пункттеріне біз заманауи инспекциялық-қарау кешендерін орнаттық, бұл қымбат бағалы сканерлік қондырғы көлік құралдарындағы жақсы жасырылған құпия орындардың өзін анықтауға мүмкіндік береді. «Героин» мен «апиынның» соңғы үлкен партиясын ұстау осы ИҚК арқылы іске асырылды. Жасыру тәсілдері өте шеберлікпен ойластырылады, олардың кейбіреуін біз бірінші рет анықтадық.

Өткен жылы кедендік қызмет заңсыз айналымнан 422 кг астам түрлі есірткілік заттарды шығарды (2011 жылы - 276 кг), оның ішінде «героина» – 47 кг астам, «апиын» – шамамен 183 кг, «гашиш» – 12 кг астам, «марихуана» – 180 кг бар, 84 қылмыстық іс қозғалды.

Биылғы жылдың басынан бері алынған есірткілік заттардың жалпы салмағы 46 кг астам, оның 21 кг - «героин» және 24 кг - «марихуана», 25 қылмыстық іс қозғалды.

Біз есірткімен күрес барысында тиімді болып келген кинологиялық қызметті дамытуды жалғастырудамыз, кедендік бекеттерді заманауи техникалармен қосымша жарақтандырудамыз, елімізге есірткіні кіргізудің алдын алуға мүмкіндік беретін оперативтік мәліметтерді жинап, талдау жасаймыз. Біз бәрін болып қалуы мүмкін кездейсоқтықтан күтіп отырмаймыз, керісінше, кәсіпқойлықққа, тәжірибеге, есірткіні тасудың тәуекелді аймақтарын анықтай білушілікке сүйенеміз, тек осылар ғана табысты нәтижеге қол жеткізе алады.

Құқыққорғау органдарына белгілі бір «сыйақы» үшін қылмыскерлермен ауыз жаласуға дайын, погон таққан «құбыжықтар» кіріп кеткен жағдайлар да болған.Бұл проблема сіздің ведомствоны да айналып өткен жоқ. Сіздер мұнымен қалай күресесіздер?

Құқыққорғау блогындағы кәсіпқойлардың негізін қалыптастыруға кезектен тыс аттестация ықпал етті. Аттаестацияланушылардың шамамен 18% одан өте алмады, бірқатары фискалды блокқа ауыстырылды немесе лауазымы төмендетілді, ал 60 шақты қызметкерлер (7%) жұмыстан босатылды.

Біз сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдарының жолдары қарастырылды, олар сыбайластық іс-әрекеттер жасауғы ынталандыратын және жағдай жасайтын шарттылықтарды және одан әрі оның салдарын жоюға бағытталған.

Бұл жағдайда салдар дегеніміз – пара алу дерегінің өзі, яғни бір адамды жұмыстан шығара отырып, біз ертең орнына келген екінші біреу қылмыстық жолмен баюға қызығушылық танытпайтынына сене алмаймыз. Ал шарт кеден қызметкеріне берілген өз бетімен шешім қабылдау мүмкіндігінде жатыр. Осы екі факторды жою арқылы біз сыбайлас жемқорлықты азайтуға қол жеткіземіз.

Біз әр қызметкердің жұмысын нақты реттестіре отырып, барлық пороцессті барынша автоматтандыруды көздеудеміз. Қазірні қолданылып жүрген автоматтандырылған ақпараттық жүйе кеденшіні сыртқыэкономикалық жүк тасуға қатысушыға қосымша талаптар қою арқылы оны пара беруге итермелеу мүмкіндігінен айырады. Енгізіліп жатқан электрондық декларациялау жүйесі мен экспорт-импорт операциялары бойынша Бірыңғай терезе құру да кедендік тазалау үрдісін оңайлатып, шешім қабылдау барысындағы адам факторын жояды.

Біз әзірлеп жатқан шоғырландырылған кедендік тариф кәсіпкерлерге кеденнің құқықтық базасын қолжетімді етеді, сөйтіп трейдерлердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттырады. Тәуекелердерді басқарудың іріктеу ұстанымы мен ақпараттық талдау жүйесіне негізделген автоматтандырылған жүйесін дамыту - жоспарланған «тәуекел аймақтары» бойынша нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Кадр әлеуетін нығайтуға бағытталған институционалдық бағдарламаларды жетілдірумен қатар, мұның бәрі, менің ойымша, сыбайлас жемқаорлыққа қарсы жұмыстарды күшейтуде және халықтың кеден органдарына деген сенімін арттыруда шешуші рөл ойнайды.

Ерлан  Қамбаров

 
0
281
0