Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:46, 16 июня 2013

Таиландтағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын еншіледі

Blog post image

 

Күрес түрлерінен Таиландта жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жарысты алдымен грек рим күресінің шеберлері бастаған. Олардың арасынан Әбунасыр Өмірзақ Азия чемпионы атанды.

Кейін кілемге қыздарымыз шықты. 67 келіде Ирина Казулинанаға шақ келер қарсылас табылмады. Ол алдымен Хуанг Чен Чи (КХДР) мен үндістандық Сииманы жарыстан шығарды. Ал финалда оңтүстік кореялық Ким Чо Лиден басым түсті.

 

63 келіде Екатерина Ларионова да Азия үздігі. Ол финалда кытайлық Тангты жеңді.

59 келіде Аяулым Қасымова қола жүлдеге ие болды. Ол кіші финалда кореялық Куон Ионг Жуды ұтты.

72 келіде Гүлмарал Еркебаева, аса жеңіл салмақта Залина Жапарова да қола жүлде алды.

Ал еркін күрестен аса ауыр салмақта Олег Болтин қоржынға тағы бір күміс салып берді. Ол финалда Абдулла Гоми Абелиден ұтылып қалды.

66 келіде Болат Сақаев Азия чемпионы атанды. Ол алдымен Вьетнам балуаны Зе Сао Нго (10:2), Қытай спортшысы Хай лонг Гуо (7:0) және ирандық

Рахмади Пейманды (7:0) оңай жеңді. Ал финалда үндіс Викасты ұтты — 8:0.

84 келіде Азамат Дәулетбеков тәжік Салим Ходжаевты (12:0), кейін жапон Окаджиманы (9:2) ұтып, финалға шыққан. Бірақ шешуші белдесуде иран Каримачиани Алиреза одан басым түсті (2:10).

 

96 келіде Ермұхамед Інкәр да күмісті еншіледі. Ол алдымен қытайлық Аи Хангты 7:0 есебімен, одан әрі кәріс Хан Кел Кимді 8:0 есебімен жеңіп финалға шыққанымен, үндістандық Сумиттен таза ұтылды (0:7).

74 келіде Сәкен Айтжановты жартылай финалда ирандық Шека Мостафа сүріндірді. Ал кіші финалда моңғолиялық Улзисайхан Ваасаншотты жеңіп, қоланы қанағат тұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы биылғы сыннан 4 алтын, 3 күміс, 7 қола жүлдемен Азияның үштігіне енді, деп жазады «Аламан».


 
0
143
0