Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:43, 16 июня 2013

Винокуров атындағы спорт сарайы салынады

Blog post image

Жазғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың Қызылжар өңіріндегі ізбасарлары жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде велоспортты серік еткен 23 солтүстікқазақстандық еліміздің құрама командасында облыс намысын қорғап жүр, деп жазады Егемен Қазақстан.

Аймақ басшысы Самат Ескендіров есімі әлемге әйгілі велошабандозды қабылдап, жергілікті жердегі спортты дамыту, кәсіби деңгейін көтеру, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеу төңірегінде әңгімелесті. Сөзін байрақты бәсеке жеңімпазының атында спорт сарайы тұрғызылатыны туралы қуанышты жаңалықпен түйіндеп, оған Алғыс хат, велоспорт бойынша балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Владимир Парахинге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттық­тырушысы» атағын тапсырды.

А.Винокуровтың жүлдесі үшін өткен республикалық жарыс 36 шақырымға созылып, петропавлдық Кирилл Пролубников топ жарды. Жалпыкомандалық есепте де жерлестеріміз жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Павлодарлықтар екінші, қостанайлықтар үшінші орынды иеленді.


0
303
0