Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы

Алия 2013 M06 14
6344
16
15
0

Бүгінгі материалымызда қолөнер шебері, жабо жасаушы Гауһар Бағдабаевамен танысамыз. Гауһар Маңғыстау облысының тумасы.

Бүгінгі материалымызда қолөнер шебері, жабо жасаушы Гауһар Бағдабаевамен танысамыз. Гауһар Маңғыстау облысының тумасы. Қазіргі кезде «Маңғыстау Мұнай Газ» АҚ қызмет атқарады.


Жалпы жабоның не екенін көп адамдар түсіне бермейді, әсіресе ер адамдар жағы. «Жабо» емес, мүмкін «Жоба» шығар деп жөндеп жатқандары да болды. Түсінісбестік болмау үшін, жабо туралы түсінігімізді қалыптастырып алайық.

Жабо (француз тілінің «jabot» деген сөзінен шыққан) – ол жейде көйлектері (блузка), көйлектер немесе ерлердің көйлектеріне әр түрлі маталар мен кружевалардан әрленіп жасалатын, мойыннан төмен қарата кеуде бойымен төгіліп тұратын жаға түрлерінің бірі. Ол XVII ғасырда ерлер костюмінің бір бөлшегі ретінде ең алғаш рет Европада пайда болған. Ал әйелдер мен балалар киімдерінің сәні болып тек ХІХ ғасырдың орталарында ғана шыға бастаған.

Жабо жасауға деген қызығушылығымнан бұрын, сатып алу, оны тағу, қалай тапсырыс беріп алдыртсам екен деген ой көп мазалаған болатын. Бұл кездері өзім жасаймын, тіпті жасай аламын деген ой тіптен болмады. Жабоны түрлендіріп тігетін Қазақстан дизайнерінен үйренгеніме қуанамын.

Тапсырыспен тіккен жабомнан гөрі сыйға тіккенім көп. Көбісі туиттер мен инстаграм әлеуметтік желілерінде танысқан сіңлілерім. Мысалы, «Өнеге» журналының бас редакторы, «Парасат Production» ЖШС-нің бас директоры, тележурналист Гүлнұр Әбиділдақызы (Алматы қаласы)

«Жарайсың» сазды ақпараттық бағдарламасының редактор-сценаристі, журналисті Бақытжамал Садырбай (Алматы қаласы) және тағы басқа көптеген сұлу қазақ қыздары.

Қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілеріне деген қызуғышылығымның өзі қызық басталған болатын. Алматыға тұрмысқа шыққан қайын апам бар, сол кісінің ерекше киіну үлгісі маған қатты ұнайтын. Күндердің күнінде апам Ақтауға қыдырып келген, үстіне әдемі пальто киіп келмесі бар ма? Содан ол AidaKaumeNOVA-ның тіккен пальтосы екенін айтты. Сол кезден бастап Кауменова Аиданың сайтын қарай бастадым. Жабоны да сол сайттан көріп, 2012 жылдың қазан-қараша айларынан бастап өзіме тіге бастағанмын, қыздарға ұнайды деген ой болмаған. Жалпы қыз баланы бойжеткенде, анасы ине ұстауды үйретеді ғой. Сол сияқты мені де анам инені сабақтау, оны дұрыстап ұстау, жіпті түймелеу, ілгекті түйреу және т.с.с. үйретті. 7 сыныпта еңбекке баулу сабағынан Зейнеп апайымыздың үйретуімен кілем тоқығаным да бар. Жалпы тігуге деген құлшынысымның іргесін қалаған анам мен Зейнеп апайым деп айтсам кем емес. Ал жаболарға келетін болсам, дайын жаболарды интернеттен көріп жүріп, өз ойымдағы үлгіге салып тігу – ол өз еңбегім деп ойлаймын.

Жабо тігу өзімнің негізгі жұмысыма ешқандай кедергісі жоқ, себебі ол менің жеке ісім, онымен тек бос уақытым болған жағдайда ғана айналысамын.

Бүгін арнайы "Екпін" оқырмандары үшін Гауһар жабо тігудің құпиясын ашып отыр.

Қажетті заттар: қатты мата, түрлі түсті тесьмалар, жұқа лента (қызылы болмағасын көк, қараны шығардым), брошь, жіптер және қайшы.

Алдымен қажетті пішінді қиып аламыз.

Жабоның негізін тесьманы жиегіне тігуден бастаймыз.

Броштың түсі ақ болғандығын ескере отырып алтыншы қабатты қызылмен аяқтаймыз.

Басты кескіні дайын!

Жоғарғы жолақ қалың болуы үшін екі тесманы қарама-қарсы етіп тігеміз.

Бұл әлі тігілмеген күйі.

Арты осындай болады, оны қаптауымыз керек.

Қаптау үшін атлас матаны қолданамыз. Мен жабоның түсіне сәйкес қызыл атласты таңдадым.

Жабоның пішіні бойынша қиылған матаның шеттерін бүктеп, инелермен түйрейміз.

Енді шеттерін тігіп шығамыз.

Жабоның ішкі беті.


Жабо дайын!

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева

Оцените пост

14

Комментарии

1
Күшті екен, жабо арнайы киімнен бөлек тігіледі деп ойламаппын.
2
бір қарағанда оңай жасалатын дүние сияқты, бірақ қолдан келмейді-ау деп қорқамын:) Гауһар апай, қолөнеріңіз керемет екен, талай қазақ қыздарын қуанта беріңіз!
0
Еш қиындығы жоқ, керісінше оңай :) Ниет пен идея болса болғаны, қалғаны өз қолыңда. Рахмет!
0
Қазіргі киімдердің көбісінде бірге тігіледі себебі:) Жалпы әр киімнің түсіне сәйкес болғаны жақсы
1
ЕркеҚызға рахмет :)lZvhQScLYtXuOpOL8MCQ85Cm7QdhYL.jpg ПыСы: үйде өсіп тұрған гүлім))
Показать комментарии