Велобәйгедегі джентельмендік қағида

Kazsport agent 2013 M06 13
217
0
0
0

  Велоспортта жазылмаған бір заң бар. Ол – егер саған велошабандоздардың бірі кө­мек­те­сіп, қорытынды есептегі басты бәсе­ке­лес­теріңнен ұзап кетуге ықпал етсе, оған тура сон­дай жолмен «алғыс»...

 

Велоспортта жазылмаған бір заң бар. Ол – егер саған велошабандоздардың бірі кө­мек­те­сіп, қорытынды есептегі басты бәсе­ке­лес­теріңнен ұзап кетуге ықпал етсе, оған тура сон­дай жолмен «алғыс» білдіру.

Велоспорттан «Джиро д’Италия» көпкүндігінің қорытынды есебінде жеңіске жеткен Винченцо Нибали осы велододаның 14-кезеңдік бәйгесінде мәре сызығын екінші болып қиды.

Көмбеге бірінші болып жетуге мүмкіндігі де бар, күш-жігері де жеткілікті сияқты еді… Бірақ соңғы сәтте қарқынын бәсеңдеткендей болды? Онысы несі екен ә?

Осы сұрақ көкейімізден кетпей, есімізден шық­пай жүрген. Жақында Нибали Астана мен Ал­ма­тыға келгенде, Алатау бөктеріндегі Donatello қонақ үйініңдәлізіндегі кездесуде қазақстандық шағын ғана журналистер тобы осы сұрақты көлденең тарттық. Сонда Вин­чен­цо бір жымиып алды да:

– Велоспортта жазылмаған бір заң бар. Ол – егер саған велошабандоздардың бірі кө­мек­те­сіп, қорытынды есептегі басты бәсе­ке­лес­теріңнен ұзап кетуге ықпал етсе, оған тура сон­дай жолмен «алғыс» білдіру. 14-кезеңдік бәйгеде Мауро Сантаброджио жалпы есептегі ұпай үшін, орынүшін жанталаспаса да, мені­мен бірге болды. Биік таулы қиын жолдарда тізеқоса қимылдап, көп көмегі тиді.

Соның арқасында мен басты бәсекелестерімнен ұзап кете алдым.Сондықтан джентельмендік келі­сім­ді бұзбай, ер жігіттік мәрттікпен көмбеге тақағанда тізгінімді тарттым. Сөйтіп, Мауро Сантаброджио кезең жеңімпазы атанып, қуа­ныш­қа кенелді. Ал мен жалпы есептегі басты бәсекелестеріммен арадағы уақыт айыр­масын біраз ұзартып алдым, – деп жауап берді.

Міне, спортта осындай да қызықтар бар. Нағыз жігіттік қағида емес пе?!

Бірақ… бірақ маусым айының басында Vini Fantini клубының мүшесі, Италия вело­ша­бан­дозы Мауро Сантаброджио допинг құрығына ілікті. 4 мамыр күні Мауродан алынған допинг-сынақтың нәтижесі оның ағзасында (қанында) эритропоэтин бар екендігін білдірген.

Енді «В» сынағынан да оның допинг қолданғандығы анықталса, ол 14-кезеңдегі жеңісінен айырылуы мүмкін. Онда бұл кезеңдік бәйгедегі жеңіс те Нибалиге беріледі. Естеріңізге сала кетейік, Сантаброджио «Джиро-2013» көпкүндігініңқорытынды есебінде 9-орынға ие болған болатын.


 

Оцените пост

0
Дальше