Бейбіт Шүменов: WBA дәрежесіндегі «супер чемпионмен» кездесуге дайынмын

Kazsport agent 2013 M06 13
198
0
0
0

  WBA дәрежесінде жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы, қазақстандық 29 жасар боксшы Бейбіт Шүменов дәл осы дәрежедегі «суперчемпион» американдық Андре Уордпен кездескісі келеді, деп хабарлайды...

 

WBA дәрежесінде жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы, қазақстандық 29 жасар боксшы Бейбіт Шүменов дәл осы дәрежедегі «суперчемпион» американдық Андре Уордпен кездескісі келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Мен Карл Фрочпен кездесер едім. Егер Фроч чемпионмен төбелескісі келсе, мен өз белбеуімді ортаға тастаймын, жеңген алсын. Миккель Кесслермен де кездесуге де болар еді, бірақ ол өткен кездесуінде ұтылып қалды. Егер Андре Уордтың салмағы жетсе, онымен де кездесуге болады», — дейдіі қазақстандық боксшы.

Сонымен қатар, «Бір жылдан бері рингке шықпағаныммен әлі бабымдамын. Мені дайындық залынан шықпаймын, үнемі денемді шынықтырып отырамын. Келесі аптада немесе екі аптаның ішінде келесі кездесуімді белгілейміз», — дейді Шүменов.

Естеріңізге саламыз, Шүменов кәсіби рингте 14 кездесу өткізіп, оның 13-інде жеңген. Ол 2012 жылы 2 маусымда өткізген соңғы кездесуінде мексикалық Энрике Орнеласты жеңіп, WBA белбеуін қорғаған болатын.


Оцените пост

0