Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:28, 12 июня 2013

Алматыда «ИнтерСпорт – 2013» көрмесі ашылды

Blog post image

 

Алматыда 12-15 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында спорттық киім, құрал-жабдық, аяқ киім көрмесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Көрмеге жақын және алыс шет елдерден 40-тан астам компания қатысады. Олардың қатарында Technogym, Life Fitness, Maccaferri, JOMA, Bergans, MasterSki бар.

Көрме ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Қатысушылардың арасында құрамына «Астана» велокомандасы, «Астана» баскетбол және футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы мен «Астана Арланс» бокс клубы кіретін «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы бар.

Көрмеде спорттық киім мен аяқ киім үлгілері, спорттық тағам, жаттығу залдарындағы құрал-жабдықтарды жеткізушілер, түрлі спорттық керек-жарақтар көрсетілді.


 
0
219
0