Астана күні қарсаңында ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан жарыс өтеді

Kazsport agent 2013 M06 12
552
0
0
0

  Астана күнін мерекелеу қарсаңында елордалық «Қазанат» ипподормында 3-5 шілдеде ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Астана күнін...

 

Астана күнін мерекелеу қарсаңында елордалық «Қазанат» ипподормында 3-5 шілдеде ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Астана күнін өткізу және дайындық жөніндегі медиа-штабы.

Алда тұрған чемпионатқа Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан елуден астам шабандоз бен сайгүлік қатысады, — деп хабарлайды ҚР Ат спорты Федерациясына сілтеме жасай отырып Астананың 15 жылдығын әзірлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа тобы.

Үш күн бойы олар командалық және жеке жарыста чемпиондық атақ үшін бақ сынайтын болады.

Мекен-жайы: «Қазанат» бәйге орын, Рожденственка тас жолы көшесі,1

Сайыстар кестесі:

3 шілде 17.00 I Бағдар

«Еуразиялық Банк Кубогы» Халықаралық сайыс

«А» кестесі. Кедергі биіктігі 120 см.

Салт аттылар үш атпен өнер көрсетеді

4 шілде 11.00 II Бағдар

Халықаралық сайыстар екі кезеңнен тұрады.

«А» кестесі. Кедергі биіктігі 1 кезең- 120 см, 2 кезең- 130 см

Салт аттылар үш атпен өнер көрсетеді.

4 шілде 16.00 III Бағдар

«Ұлт Кубогы» Халықаралық сайыс, «ENRC Кубогы». Ресми командалық сайыстар. Екі кезеңнен тұратын Халықаралық сайыс. «А» кестесі. Кедергі биіктігі135 см. Салт аттылар екі атпен өнер көрсетеді.

5 шілде 11.00 IV Бағдар

«Ат спортынан MaseratiCup Азия Федерациясы Президентінің Кубогы». «А» кестесі Кедергі биіктігі- 135 см. Салт аттылар екі атпен өнер көрсетеді.

5 шілде 15.00 V Бағдар

FEIWorldCup «Бас Жүлде» Халықаралық сайысы. «ҚР Президентінің Кубогы»

Айып ұпайлары теңескен жағдайда бірінші орын үшін қарғудан жарыс өткізіледі.

Кедергілер биіктігі 140-160 см. Салт аттылар екі атпен өнер көрсетеді.


 

Оцените пост

0