Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:00, 12 июня 2013

Қазақ шежіресіндегі Шыңғысханның орны.

Қазақ шежіресінде неге Шыңғысхан тиісті орнын алмаған. Исай Калашниковтың "Жестокий век" атты тарихи романын алар болсақ, қазіргі қазақ тайпаларының бас бірігуінің ұйтқысы болған сол Бөріжеген Қияттан шыққан Темуджин екеніне көз жеткіземіз. Ал керейлер болмаса, немесе Керейдің ханы Тоғырыл Есугей баһадурмен анда болмаса, онда Шыңғысханның болу болмасы екіталай болар еді.

Бірақ, Шыңғысханды қазаққа жатқызуға болмайды, себебі ол кезде қазақ атауы да болмаған, бірақ қазақ "қайжақылық" жасауын сол кездерден бастаған деуге де болады. Жатжұраттық Темуджиннің андасы Жамқаның айтқан сөздері мен Шыңғысханға қарсы істеген қылықтары оның, еркіндік сүйгіш ер болғанын көрсетеді. Қайжақылық қазақтың қыршаңқылығы болса да, осы қасиетімен өз еркі бар, мен деген менмендігі бар маңызын көрсететіндей.

Шежіре тарихи шындықпен жанасуы тиіс. Егер шындықтан ауытқысақ келесі ұрпаққа қандай үлгі қалдырамыз?

Әркімнің өз еркі бар, өз шежіресі бар десек, мен қыршаңқы қайжақылық жасау арқылы Шыңғысханды шежіренің басына қоюды ұйғардым.

Шыңғысхан

Төрелер

Шағатай ұлысы               Ақ Орда               Көк Орда         Қожалар

Ұлы Жүз                      Орта Жүз               Кіші Жүз      Араб,парсы, татарлар

Ұлы жүзге моңғолдан келген Жалаиырлар мен жергілікті аборигендер Үйсін-Қаңлылар кіреді. Жалайырдың Үйсінге кірмеу себебі де содан, Шыңғысханның сол қолы болған баһадур Мұқали нойонның ұрпағы үшін аса құрмет те содан болған, Ұлы жүзде төрге отыратын әдеті де сол Шыңғысханның заңы Яссыдан қалған. Жалайырдың 150 жылдай Иран, Азербайжан еліне хандық құруы да сол жалайырлардың Шыңғысханмен жаңындығынан. Шыңғысхан өзіне адал қызмет еткендерді елеп ардақтаса, сол секілді қарсылық көрсеткендерді, немесе адал болмағандарды қудалап отырып, ұрпақтарына да өсиет етіп кеткендей. Кейбір ақылды шежірешілер Үйсін Дулатты да сол моңғолдарға кіргізіп жібереді екен, бірақ кітапта тек Чонос тайпасынан шыққан Тайчиуттық Ұлық батыр мен оның жеті ұлы жайында жазылған деректер бар. Егер Чоностарды Дулаттың ішіндегі Жаныстар десек, Шыңғысхан үшін жан қиған батырлардың ұрпағы неге Жалайырдың қасынан төрден орын алмаған ?

Ұлы үйсіндер болуының себебі, сол кездің өзінде көптеген рулардан құралуында, Шыңғысханға дейін өз мемлекеті Жетісуда болған Үйсін, Қаңлылар сол кездегі Шыңғысхан бастаған моңғолдарға қосыла алмауы да содан, Хорезм шахынан қашып, өз еріктерімен Шыңғысхан билігін мойындауларынан аса көп қырғынға ұшырамауын да  көреміз. Шағатай ұлысына жалайыр, үйсіндермен бірге үйқұр, Мауренахр хандығы да кірген екен, тек төрелер қайжақылық жасағанда көшпенді туыс түркілер Жалайыр мен Үйсін тайпалар бірлестігі ғана өз Арыстарына тартып кеткен секілді.

Орта Жүзге тоқталар болсақ.

Керейлер, Темуджиннің хан болуына көмектескенмен, кейін қарсы тұрғандықтан, ұрпақтар бойына қудалауға ұшырады. Бүгінде Қытайда да, Түркияда да, Америка мен Еуропа елдерінде де босқан керейлердің ұрпағын көреміз. Немесе наймандар сол кездегі ең бір қуатты хандықтан тамтық қалдырмай, қаптаған қыпшақтан қалған жұртпен қосып Орта жүзді құрды. Орта жүзде төрден орын ала алмаған Жошы мен Батудың нағашы жұрты қоңыраттарды көреміз, көреміз де: неге Жалайырға Ұлы жүзден төрден орын берілсе, Орта жүзде шешесі Бөрте шыққан қоңыраттарға сый сияпат көрсетілмегеніне таңырқай қараймыз. Калашниковтың кітабінен сол сұраққа да жауап табуға болады екен, кедей Темуджинді күшіккүйеу ретінде қабылдаған, хандығына бірден қосылмағандықтарынан қоңырат көптің бірі ретінде қалып қойды ғасырларға. Арғын қайда болды десек, арғын-найман бір туғанын ескерсек, сол замандағы қуатты Найман хандығының ішінде болған деген жорамалдың дүдамал еместігіне куә болатындаймыз. Атақты найманның батыры Көксу Сабырақтың шешесі арғын деген де аңыз бар ел аузында. Қуатты қыпшақты қиратып, біразын орта жүзге қалдырса, қалғандарын кіші жүзге өзімен келген моңғолармен қосып жіберді. Ақ ордалық Орыс ханның ұрпақтары болғандықтан, кейін Абылай хан да Орта жүзге хан болып қалды.

Кіші Жүз, ноғайлының елі болған Көк Орда. Башқыр, татар, ноңай-маңғытпен қатар көшкен, 300 жыл орыстан Яссак жиған алғы шепте болған қазақтың, қырғыздың, қарақалпақ, өзбектің батыр ұлдарынан жиып жасаған жасақ емес пе еді. Тамғасына қарай үйсінді де, керей, найман, арғынды да, он екі ата қыпшақты да табуға болады, кіші жүздің жұртынан.

Шыңғысханның ашуына оңбай қалған ел ол татарлар, әкесі Есугейді өлтірген, туысы Амбахай ханды қытайға сатқан татарларды қырғынға ұшыратты қатыгез хан. Орыс еуропалықтарға қарсы булғармен қосып татарларды алдыңғы шепте айдап отырды. Орыстың :"не прошенный гость хуже татарина" деген мақалдары сол кездерден қалған.

Біз, қазақтар Жәнібек пен Керейден  басталған дейміз, бірақ қазіргі қазақ тайпаларының басын жиып қосқан Шыңғысхан екені тарихи дәлелденген дәйек. Жәнібек пен Керей қазақтарды бөліп әкетіп, Қазақ хандығын құру арқылы тек екінші реформаторлар болып саналады, ал қазақтың бірінші реформаторы - ол әрине Алтайдың арғы жағынан келген Бөріжеген моңғол Шыңғысхан.

 
0
1111
0