«Батып бара жатқан адамды құтқарам деп, басыңыз бәлеге қалмасын»

A.N.A 2013 M06 10
349
0
0
0

Әдетте, «әннің де есері мен естісі бар» деп айтып келсек, енді, бұл теңеу заңды да «іліп» әкеткен сыңайлы. Иә, Әлемде талай қызық бар. Сол қызықтардың бірі – жер бетіндегі түрлі мемлекеттердің...

Әдетте, «әннің де есері мен естісі бар» деп айтып келсек, енді, бұл теңеу заңды да «іліп» әкеткен сыңайлы. Иә, Әлемде талай қызық бар. Сол қызықтардың бірі – жер бетіндегі түрлі мемлекеттердің «ақымақ» заңдары.  Дегенмен, кейбір «ақымақ» заңдардың тиімді тұстары  барын ескеру де қажет. Мысалы, Канаданың радиосында шырқалатын әрбір бесінші әнді міндетті түрде  канадалық  азамат орындауы тиіс. Сол себепті, эфирде Селин Дион мен Брайан Адамстың әндері  жиі  орындалады. Ал, бізде қазақ  эстрадасының әншілері жаңа әндерін радио арқылы үгіттеу үшін қыруар қаржы жұмсайтыны жасырын емес. Керісінше, батыстың танымал поп жұлдыздарының әндерін  еліміздің радио толқындары үздіксіз айналдырады.

Ал, Канаданың Квебек провинциясында маңдайша жазулардың барлығы француз тілінде жазылуы керек. Егер ағылшын тілінде жазғысы келген фирма қожайындары болса, ағылшын әріптерінің өлшемі француз әріптеріне қарағанда екі есеге ұсақ болуы қажет. Бізге де жетіспей тұрғаны осы. Тіпті, шетелден  келген азаматтар  біздің елде өздерін «өз үйіндегідей» сезінеді. Оған себеп, дүкендердің, көңіл көтеретін орындарымыздың атауларының көпшілігі ағылшын тілінде жазылуы.

Ақылға қонымсыз, күлкі тудыратын, нағыз «ақымақ» заңдардың үлесі үлкен. Қытайда батып бара жатқан адамды құтқаруға тыйым салынған. Өйткені, ол заң бойынша  азаматтың жеке басына қол сұғу болып есептелінеді екен. Егер заңды бұзсаңыз, басыңыз бәлеге қалып, жазаланасыз. Ал, Дания елінде заңға сәйкес, жол бойында  ат арбамен қатарласып  көлік  жүріп  келе жатса, көлік жүргізушісі жолдың жиегіне барып тоқтап қалуы тиіс. Оған қоса, көлік жүргізушісі аттың көліктен қорқып, сасқалақтап қалғанын байқаса, машинасын көрпемен жауып, атты  тыныштандыруы шарт. Францияда  торайға  «Напалеон»  деген ат қоюға  болмайды. Американың Блит штатының қалалық билігінің орнатқан заңына сәйкес, ковбойлық етік кию үшін, кемінде екі сиыр ұстау керек.  Ал, Теннеси штатында,      әйел қауымына көлік жүргізуге тыйым салынған. Тек бір жағдайда  ғана рұқсат етіледі. Ол үшін ер адам, әйел жүргізіп келе жатқан көліктің алдында қызыл жалаумен жүгіріп отыруы тиіс. Бұл әрекет басқа көлік жүргізушілерін, қауіптілік жөнінде ескерту мақсатында жасалынады.  Вашингтонда ата-анаңның әлеуметтік жағдайын жасырып,  өзінді байдың баласы сияқты  ұстау заңға қайшы. Ал, егер сіз Кливленд штатында тұрсаңыз, үйіңізде тышқанның жүргенін байқасаңыз, оны жою үшін, алдымен аңшылық лицензияңыз болуы тиіс.

Нұргүл  Әубәкірова

 

Оцените пост

0
Дальше